Мәдениет Атырауда түсірілген жаңа фильмнің тұсауы кесілді Бүгін Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында «Студенттік кез» атты жаңа кинотуындының көрсетілімі өтеді деп күтілуде. Фильмнің тұсауы қыркүйектің 28-і күні осы театрда кесілген болатын. Жастар өмірінен баяндайтын фильмнің режиссері – Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенті Таймас САПАРҒАЛИ. 29 қыркүйек 2011, 16:14 6 269 просмотра
Мәдениет Сенбіде әзілқой жастар бас қосты Қыркүйектің 24-і күні Атырауда Қазақстан КВН одағының өңірдегі филиалы ұйымдастыруымен студенттер арасында көңілділер мен тапқырлар клубының ширек финал ойыны өткізілді. Бұл ойынға он команда қатысты. Жартылай финалға жолдама алған жеті команда қалжың қалталарын сапалы әзілге толтыруға кіріседі. 29 қыркүйек 2011, 16:33 3 319 просмотра
Мәдениет Тіл мәселесі бауырсақ пен құймақтың астында қалды 20 қыркүйек күні Абай атындағы №15 мектепте «Тіл – татулық тірегі» атты шара ұйымдастырылды. Өкінішке орай, қазақ тілінде сайраған ешкім болмады. 22 қыркүйек 2011, 16:08 4 703 просмотра
Мәдениет Биші Назгүл ЖҮСІПОВА: «Арманы бар адам бақытты» Менің бүгінгі сұхбаттасым Атыраудың өнер сахнасында мың бұралған биімен көпшілік көрерменге танылып келе жатқан талантты хореограф Назгүл ЖҮСІПОВА. Ол жуырда жеке шығармашылық концертін бермекші. Концерт қазан айының соңына таман Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өтеді деп жоспарланып отыр. 22 қыркүйек 2011, 16:22 31 668 просмотра
Мәдениет Оралда көрме өтеді 23 қыркүйектен бастап Орал қаласында халықаралық деңгейде «Жазира Жайық» атты көркемсурет көрме-байқауы өтпек. Ол тура бір айға созылады. Ерке Жайықтың көркін Атыраудан суретшілеріміз Камила ЖАПАЛОВА мен Елуғали ДӘУКЕНОВ бейнеледі. 22 қыркүйек 2011, 16:26 2 898 просмотра
Мәдениет Әлішер Кәрімовтың концерті неге өтпей қалды? Белгілі жас әнші, халықаралық конкурстардың лауреаты Әлішер КӘРІМОВТЫҢ қыркүйектің 12-сі күні Атыраудағы Махамбет драма театрында өтеді деп жоспарланған концертінің болғанынан боладысы қызық болды. Көптен күткен жұлдыздың концерті басталмай жатып аяқталды. 15 қыркүйек 2011, 18:10 3 605 просмотра
Мәдениет Атырау қаласында дельфин-шоу циркі өнер көрсетті Бұл шоудың басты кейіпкері – Лента есімді дельфин. Қаласаңыз, билеп те бере алады. Бірақ біз үшін ең қызығы бұл дельфиндерді Атырауға қалай жеткізгенін білу болды. 15 қыркүйек 2011, 18:49 4 113 просмотра
Мәдениет Батыстың намысын Руслан қорғайтын болды Руслан БЕРДИМАТОВ «Жұлдыздар фабрикасы» жобасының финалына өтті. 15 қыркүйек 2011, 18:52 2 104 просмотра
Мәдениет Қарбыз, Мәсімов және «көк көйлектің ішіндегі көктем» Айтыс өнері атам қазақтың қанындағы нәрсе. Рухты тәрбиелейтін құрал деп білеміз біз оны. Алайда, жақында Атырауда өткен белгілі айтыскер ақындар Ақмарал ЛЕУБАЕВА мен Айбек ҚАЛИЕВТІҢ жекпе-жек айтысы жергілікті өнерсүйер халықтың алдында өзінің беделін төмен түсіріп алғандай ма дерсің. Бәске ештеңе тігілмегесін бе, жекпе-жек айтыс дегеннен гөрі, оған жеңіл-желпі айтыс деген атау сай еді. 8 қыркүйек 2011, 17:17 6 840 просмотра
Мәдениет Сұлу өнердің сыршыл шеберлері «Woman Art Дизайн» шығармашылық тобының жұмысы көптеген елдердің көрермендерін баурап алды. Енді өнерді бағалайтын атыраулық қауымның оралдық суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалауға мүмкіндіктері бар. 8 қыркүйек 2011, 16:44 13 053 просмотра
Мәдениет «Көктөбе битлздері» авторының лебізі Сейсенбі күні Кіші Өнер академиясында «Шығыс пен Батыс арасына көпір салу» жобасының аясында өткізілген «Рождение» балалар бейнелеу өнерінің конкурстық кезеңі өтті. 8 қыркүйек 2011, 16:50 3 157 просмотра
Мәдениет Түркі саздары Өр Алтайды тербеді Тамыздың 26-сы мен 27-сі аралығында Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық өнер фестивалі өтті. Оған Атырау облысының атынан әйгілі күйші, республикалық байқаудың лауреаты Айгүл Батырқайырова (суретте) қатысып қайтқан болатын. Біз Айгүл Атырауға оралған бойда оның Өр Алтай сапарынан алған әсерлерімен бөліскен едік. 1 қыркүйек 2011, 17:03 7 256 просмотра
Мәдениет Тәуелсіз кезең - фотосурет тілінде Тамыздың 26-сы күні облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Әлем қауымдастығы мойындаған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды. Сонымен бірге, Конституция күніне арналған жергілікті суретшілердің «Алтын заңым - ардағым» тақырыбындағы туындылар көрмесі ұйымдастырылды. 1 қыркүйек 2011, 23:11 4 321 просмотра
Мәдениет Русланның жұлдызды жолдамасы Танымал «Жұлдыздар фабрикасы» жобасының отандық нұсқасының жартылай финалындағы іріктеу конкурсында жерлесіміз Руслан БЕРДИМАТОВ мыңдаған басқа үміткерлерді басып озған еді. 1 қыркүйек 2011, 17:20 2 906 просмотра
Мәдениет Саша Капёнкиннің динозаврлар әлемі Ол динозаврлар туралы бәрін біледі десем, титтей де өтірік айтқаным емес. №6 мектептің 7 «в» сынып оқушысы динозаврлардың тіршілігі туралы көптеген кітаптарды оқып, 3D арқылы ең қызықты хабарлардың барлығын қараған, ақпарат іздеуде ғаламторды қопарып, ғалымдардың соңғы жаңалықтарының бәрі туралы біледі екен. 1 қыркүйек 2011, 23:47 5 423 просмотра
Мәдениет Театр сүйетіндер үшін мейрам басталады Атыраулық театр өнерін бағалайтындар үшін жағымды жаңалық: қыркүйек айында Атырауға гастрольдік сапармен Астрахан драма театры келеді. 25 тамыз 2011, 17:53 7 423 просмотра
Мәдениет Табиғатпен тілдескен дауылпаздар …Әуелі бук аспабының дыбысы естілді, төмен де терең үн ұзақ әрі тұңғиыққа қарай ұзап барады; бұл ән салған бұлттар болатын. Оның артынша созылыңқы әрі тереңдей түскен чин аспабы сыбдыр қақты; бұл жел болатын. Кенет кквэнгари аспабының жарқын да сыңғыр үні күркіреп жетті; бұл найзағай еді. Жаңбыр тамшыларын көз алдымызға елестеткен ұяң әрі қатаң дыбыстарды әуездеткен чангу аспабына да жан бітті. 18 тамыз 2011, 17:26 4 094 просмотра
Мәдениет Жүзден жүйрік шыққан «Дарын» «Дарын» ер балалар хоры - 6 шілде күні Астана қаласында өткен республикалық «Әнші балапан» фестиваліне қатысып, лауреат атанды. 11 тамыз 2011, 15:21 5 870 просмотра
Мәдениет «Еркем-ай» Болгарияны бағындырды Кіші өнер Академиясындағы «Еркемай» вокалдық ансамблінің балалары Болгарияның Обзор қаласында өткен «Балалық шақтың планетасы» атты халықаралық фестиваль-байқауда бірінші орын алды. 4 тамыз 2011, 16:07 4 795 просмотра
Мәдениет Испанияны тамсандырған пианистер Нұрпейісова атындағы музыка академиясының оқушылары каникулда демалу дегенді ұмытқан, жақында ғана олар халықаралық «Fiestalonia milenio» фестивалінен оралды. 4 тамыз 2011, 16:00 3 034 просмотра
Мәдениет Қазақтың классикалық балетін біздің Мырзахан қорғады Атыраулық биші Мырзахан МЫҢБАЕВ таяуда ғана Волгоград қаласында өткен халықаралық «Музыкальная волна» байқауында Үлкен кубокті жеңіп алып, бірінші орынға ие болды. 4 тамыз 2011, 15:51 2 381 просмотра
Мәдениет Дизайнер қыздар және Данияр Авангард -4 мөлтек ауданындағы, үшінші үйдің, он үшінші пәтерінде бесінші қабатта түрлі-түсті жіптерге оранған адамдар отыр. Олар аракідік шебердің сөзіне құлақ түріп, алдарындағы сызбадағы суретке қарап қойып, әлдебір бейнеге жан бітіруде. Әзірге олардың қолы жіптерді сенімсіздеу ұстайды. Дегенмен, жай болса да ұсақ қиындылар бетінде ұлттық өрнектер пайда болуда. Сәлден соң олар әдемі панно, дизайнерлік мата сөмкелер, керемет гобелендер жасап, ұлттық өрнегі бар қабырға кілемдерін тоқиды. 14 шілде 2011, 21:38 6 261 просмотра
Мәдениет Атырауда Бейбарыс туралы деректі фильм түсірілді Маусым айының басында Жылыойдың Ақшеңгел атты таулы жерінде бір кездері Мысырды билеген бабамыз Сұлтан Бейбарыс туралы деректі фильм түсірілді. Естеріңізде болса, біз газетіміздің №17 санында (28-сәуір, 2011 ж., «ЖС», «Ислам жайлы ақиқатты айқындайтын экспедиция») бағзы заманда еліміздің аймағында ислам дінінің кең таралуына ықпал еткен тұлғалардың еңбектерін зерттеу экспедициясы жолға аттанғандығы жайлы жазған болатынбыз. 14 шілде 2011, 11:23 11 984 просмотра
Мәдениет Руслан «Х-treme» жобасына жолдама алды «Еуразия» телеарнасындағы жаңа маусымда бізді екі жаңа жоба күтіп тұр: «Большая разница» және «Фактор Х-treme». Х-tremе жобасына «Х-фактор» байқауының же-ңімпазы атыраулық Руслан БЕРДИМАТОВ та қатысатын болды. 14 шілде 2011, 11:34 2 728 просмотра
Мәдениет Сәнді әрі шариғатқа сай стиль Бәрі де тележарнамадағыдай: «Денеге жабысып тұрмау керек, ақ түсті болмау керек, билемеу керек»... Ешқандай селдір матадан тігілген және «уни» стилінде болмауы қажет. Киім ашық әрі ұстамды болуы тиіс. Сәнді және ұлттық нақышпен тігілген болуы керек. Ешқандай түріктің және арабтың ағымында емес, бәрі қазақи болғаны жөн. Ал ендеше іске сәт! Бірінші республикалық «Мұсылмандық коллекция: ұлттық стиль» конкурсының ұйымдастырушылары еліміздің түкпір-түкпірінен келген қазақстандық он екі модельерге міне осындай қатаң талаптар қойған еді. 7 шілде 2011, 16:09 11 684 просмотра