Атырау, 26 желтоқсан 18:01
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Дизайнер қыздар және Данияр

6 483 просмотра

Авангард -4 мөлтек ауданындағы, үшінші үйдің, он үшінші пәтерінде бесінші қабатта түрлі-түсті жіптерге оранған  адамдар отыр. Олар аракідік шебердің сөзіне құлақ түріп, алдарындағы сызбадағы суретке қарап қойып, әлдебір бейнеге жан бітіруде. Әзірге олардың қолы жіптерді сенімсіздеу ұстайды. Дегенмен, жай болса да ұсақ қиындылар бетінде ұлттық өрнектер пайда болуда. Сәлден соң олар әдемі панно, дизайнерлік мата сөмкелер, керемет гобелендер жасап, ұлттық өрнегі  бар қабырға кілемдерін тоқиды.

КӨРШІДЕН ҮЙРЕНЕМІЗ

Байқаймын, «Мәдениет және өнер қайраткерлерінің лигасы» Орал қоғамдық бірлестігінің өкілдері біздің қаламызда мықтап орын тепкенге ұқсайды. Өз қолдарымен ағаштан, теріден, жіптер мен киізден бұйым жасап шығаруды үйренем деген қалалықтардың саны күн сайын артуда. Сол әуесқойлардың ішінде көптеген жұмыссыздар да бар.

«Біз көбіне жұмыссыздарға ерекше назар аударамыз, дегенмен, біздің тегін курстарымызға барлық ниет білдірушілерді шақырамыз. Уақытша жұмыссыздардың бос уақыттары мен бір нәрсені үйренуге деген қызығушылықтары бар. Оның үстіне, біздің оқушыларымыздың одан әрі өз жұмысы үшін пайда түсіре алатын мүмкіндігі бар, өйткені, ерекше дизайнерлік бұйымдарға деген сұраныс қашанда мол»,-дейді «Лига» директоры Разия МОЛДАШЕВА (суретте).

ТОҚЫМАШЫ ДАНИЯР

Киім тігу мен тігіншілік негізінен әйелдерге арналған кәсіп деген түсінік бар. Бірақ, біз үстінен түскен макраме сабағында бұрышта отырып, іспен айналысып жатқан ер азаматты көрдік. Отыз екі жастағы Данияр қыздардан құралған үйірмеде өзін жақсы сезінеді. «Мен жалпы ағаштан ойып жасаумен шұғылданамын,-дейді тоқудан мойын бұрған ол. – Негізінен домбыра мен қобыз жасаймын. Және тағы да киізден, таспен жұмыс жасағанды ұнатамын, макраме де мені қатты қызықтырады. Мен шатаса бастаған кезде қыздар маған көмекке келеді. Бұл жерде бізде шығармашылық үшін де өте бір қолайлы жағдай туғызылған».

Даниярдың үйінде әйелі мен баласы бар. Құрылысшы мамандығы бар оған әзірге тұрақты да, табысы мол жұмыс табылмай тұр. Әзірге жұмыс іздестіріп жүргенде ол өз шеберлігіне мүмкіндік пен уақыт бөлуді жөн көрді.

- Әйеліңіз қызғанбай ма?

- Жоқ, ол менің бұл хоббиіме наразы емес. Оның өзі де айналысуды қалағанымен, оның еш таланты да, төзімі де  жоқ. Шеберлер өз жоспарлары бойынша әдемі гобеленді тоқып шықпақшы.

ӘДЕМІ ЗАТТАРДЫ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

Қоғамдық бірлестік басшысының айтуынша, бұл жерде тек оқытып қана қоймайды, болашақта өз түлектеріне жеке бизнестерін дамытуға, яғни, өз шеберханалары мен дизайнерлік студияларын ашуға көмектеседі. Әрбір екі ай сайын есеп-беру көрме жәрмеңкесі өткізіледі, онда кез-келген адам өз қалағанын сатып ала алады. Түскен ақша сатып алынған тауарды жасаған шеберге беріледі.

Қазір топта 27 адам бар және жобаның ұйымдастырушылары айтып отырғандай олар сол  санмен шектеліп қоймайды екен. Сәуір айынан бері «Лигада» екі топ оқып шықты. Өз істерінің кәсіби шебері бола білген бар-жоғы бес адам ғана. Олардың әрқайсысы өз бағытында жұмыс жасайды. Сабақ күн сайын өткізіледі. Тегін курстар мәселесіне қатысты барлық сұрақтармен тікелей Разия Молдашеваға жолығу керек.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суреттерді түсірген В.Истомин

14 шілде 2011, 21:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.