Сейсенбі күні Кіші Өнер академиясында «Шығыс пен Батыс арасына көпір салу» жобасының аясында өткізілген «Рождение» балалар бейнелеу өнерінің конкурстық кезеңі өтті.
Қазылар алқасына белгілі қазақстандық скульптор, «Тарлан» сыйлығының лауреаты әрі Көктөбе баурайында орындықта отырған «Битлз» тобы мүшелерінің қола ескерткішін жасаған Эдуард КАЗАРЯН (суретте) басшылық етті.
Суретшілер мен өнертанушылар Атыраудан өсіп-өніп келе жатқан бірқатар таланттарды таныды. Эдуард Казарян 10 жасар Алина АРДАҚТЫҢ, 7 жасар Азамат ҚҰСПАНОВТЫҢ және басқа да таланттардың жұмыстарын атап өтті.
Конкурсты ұйымдастырушы «МРL» компаниясының директоры Лариса ИНДЖУДЖЯННЫҢ айтуынша, 7 номинация бойынша конкурс жеңімпаздарының жұмысы Алматыда 10 қыркүйекте өтетін қорытынды көрмеде көрсетілетін болады. Бұл жұмыстарды көрмеге келушілер Парижде Франциядағы Қазақстан елшілігінде 14 желтоқсанда өтетін көрмеден көре алады. Бұл шара еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылмақ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген В. Истомин