Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданында балмұздақ таситын жүк көлігі 29 баланы қағып кетті деп хабарлайды kabar.kg.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер 9-дан 16 жасқа дейінгілер. Қазіргі уақытта ауруханаға 7 бала жатқызылған, олар жансақтау бөлімінде. Үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланған. Созақ аудандық ауруханасында 3 бала, жалпы дәрігерлік практикасы орталығына 8 бала жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады.
Төтенше жағдай орнында 11 балаға көмек көрсетілді, оларды амбулаториялық емдеуге жіберді.
Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін жеке бақылауға алып, оларға сапалы медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырды.