Атырау, 28 желтоқсан 17:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Тіл мәселесі бауырсақ пен құймақтың астында қалды

4 789 просмотра

20 қыркүйек күні Абай атындағы №15 мектепте «Тіл – татулық тірегі» атты шара ұйымдастырылды. Өкінішке орай, қазақ тілінде сайраған ешкім болмады.

Мектеп директоры Гүлшара МЕНЕШОВАНЫҢайтуынша, аталмыш шара қалалық білім бөлімінің тапсырысы бойынша өткізіліп отыр. Қазіргі күні мектепте барлығы 827 оқушы және оның ішінде 13 түрлі ұлт өкілдері бар. Бірақ, таза қазақ тілінде сөйлейтін жасты таппадық. Бәрі де сөйлеуге келгенде қашқақтады.  Басқаны былай қойғанда мектеп директорының өзі  тілін бұрап «ұлт өкілі» деген сөзді  әрең айтты.

Олардың арасынан  үнділік 5-сынып оқушысы Дахия Ревантаны да кездестірдік.  Оның осы мектепке келгеніне биыл екі жылдай болыпты. Алайда, қазақ тілін енді ғана үйреніп келеді екен. 

Ал жалпы шара жөнінде айтсақ, әрине оқушылардың еңбегі бірден байқалады. Олар әр ұлт өкілін әдемі таныстырды. Қалай дейсіз ғой? Қазақ, орыс, украин, өзбек, грузин, латын-америка, үнді... тағы да басқа ұлттардың киімдерін киіп шығып, сол ұлттың тағамын ұстаздар мен келген қонақтар алдына әкеліп қойды (суретте). Қарасаңыз, көз тоймайды! Татар халқының чак-чагы, кәріс халқының пигодиі мен салаты, қазақтың қазысы мен бауырсағы, шұбаты, орыс халқының құймағы...

Бұдан соң өнерлерін ортаға салған оқушылар ұстаздар мен ата-аналарды және өз құрдастарын өздері таныстырған ұлттың тілінде тіл мерекесімен құттықтады. Естіген жанға әр елден бір естелік сыйлағандай әсер қалдырады екен. Құдды, бір шетелге сапарлап қайтқандайсың.

Бәрі де керемет-ау, бірақ, әлі күнге дейін қазақ тілін қазы-қарта мен бауырсақпен ғана өлшейтініміз өкінішті.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

22 қыркүйек 2011, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.