Атырау, 7 қазан 05:36
 дождьВ Атырау +12.4
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Әлемде

Киевтегі майдан күн өте үдеп барады Әлемде

Киевтегі майдан күн өте үдеп барады

Киевтегі майдан күн өте үдеп барады. Бүгін халыққа басу айту үшін Украина астанасына АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд келді. Еуропа мен Азия елдері арасындағы саяси мәселелермен айналысатын маман, қазірде оппозиция серкелерімен кездесу өткізуде. Сондай-ақ Киевке сыртқы қатынастар жөніндегі Еуропалық Одақтың жоғарғы комиссары да ат басын бұрған екен. Ол Виктор Януковичпен кездесіп, дағдарыстан шығудың өз амалын ұсынып, бірнеше жаңа мәлімдеме жасамақ, деп хабарлайды 31 арна. 11 желтоқсан 2013, 09:20 1 811 рет қаралды
Манделамен қоштасуға келген АҚШ президенті көлік кептелісінде тұрып қалды Әлемде

Манделамен қоштасуға келген АҚШ президенті көлік кептелісінде тұрып қалды

Жақында өмірден өткен ОАР-дың экс-президенті Нельсон Манделамен қоштасу рәсіміне бет алған АҚШ президенті Барак Обама Йоханнесбургке барар жолда таңертеңгілік көлік кептелісіне түсіп қалды, деп жазды Twitter-дегі парақшасына Франс Пресс тілшісі Йоханн Майбург (Johannes Myburgh), деп жазады РИА Новости. 10 желтоқсан 2013, 17:19 1 661 рет қаралды
Бүгін Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді Әлемде

Бүгін Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді

Бүгін Швеция мен Норвегия астанасында 1896 жылдың 10 желтоқсанында өмірден озған Альфред Нобелді еске алу құрметіне Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді. Стокгольм Филармониясында 13 лауреаттың 11-ін Швеция королі Карл XVI Густав марапаттайды, деп хабарлайды РБК. 10 желтоқсан 2013, 11:26 2 209 рет қаралды
«Алтын доптан» үміттілердің есімі белгілі болды Әлемде

«Алтын доптан» үміттілердің есімі белгілі болды

Астана. 10 желтоқсан. BAQ.KZ – 2013 жылды қорытындылағалы жатқан ФИФА "Алтын допқа" үмітті үш футболшының есімдерін атады. Олар: "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду, "Бавария" жартылай қорғаушысы Франк Рибери және "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси. 10 желтоқсан 2013, 11:04 2 732 рет қаралды
Ким Чен Ын жездесін жемқорлығы үшін биліктен қуды Әлемде

Ким Чен Ын жездесін жемқорлығы үшін биліктен қуды

Солтүстік Корея дүйсенбіге қараған түні ресми түрде ең ықпалды солтүстіккореялық саясаткер Чан Сон Тхэктің отставкаға кеткенін мәлім етті, ол мемлекет басшысы Ким Чен Ынның жездесі болып табылады, деп хабарлайды РБК Associated Press-ке сілтеме жасап. 9 желтоқсан 2013, 15:34 3 172 рет қаралды
Үндістан жемқор шенеуніктерін жауапкершілікке тартпаса Олимпиадаға қатыстырылмайды - ХОК Әлемде

Үндістан жемқор шенеуніктерін жауапкершілікке тартпаса Олимпиадаға қатыстырылмайды - ХОК

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) перзиденті Томас Бахтың мәлімдеуінше, Үндістан спорт саласында жемқорлыққа белшесінен батқан шенеуніктерін жауапкершілікке тартпаса, онда бұл мемлекет Ойындарға қатысудан шеттетіледі. 8 желтоқсан 2013, 19:21 1 525 рет қаралды
ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Мандела 95 жасында көз жұмды Әлемде

ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Мандела 95 жасында көз жұмды

Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела көз жұмды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі  мемлекеттің қазіргі басшысы Джейкоб Зумаға сілтеме жасап. 6 желтоқсан 2013, 09:41 3 191 рет қаралды
Ресей думасында екі депутат арасында төбелес болды  Әлемде

Ресей думасында екі депутат арасында төбелес болды

Ресей думасында қып-қызыл төбелес. «Единая Россия» партиясының мүшелері Алексей Журавлев пен Адам Делимханов жаға жыртысып, қырық пышақ болды. Төбелестің қызу қарқын алғаны соншалық, әріптестері жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Астана арнасы. 5 желтоқсан 2013, 15:41 2 794 рет қаралды
Хакерлер 2 миллионнан астам пайдаланушының паролін ұрлады Әлемде

Хакерлер 2 миллионнан астам пайдаланушының паролін ұрлады

Хакерлердің жаппай шабуылынан Facebook, Twitter, LinkedIn, «Одноклассники» және бірқатар басқа сервистердің екі миллионнан астам пайдаланушыларының парольдері ұрланды, деп хабарлайды Би-би-си. Ұрланған мәліметтер ғаламторда жарияланған. 5 желтоқсан 2013, 14:29 1 496 рет қаралды
Ташкентке апатты жағдайда қонған ұшақтың жолаушылары сапарын жалғастырудан бас тартты Әлемде

Ташкентке апатты жағдайда қонған ұшақтың жолаушылары сапарын жалғастырудан бас тартты

Бангкок-Уфа рейсін орындайтын Nordwind Airlines әуе компаниясының Boeing 767-300ER жолаушылар ұшағы кеше кешке Ташкентке апатты жағдайда қонды. 40-қа жуық адам бұл ұшақпен саяхатын жалғастырудан үзілді-кесілді бас тартқанына қарамастан борт Өзбекстаннан ұшып шықты, деп хабарлайды Newsru.com. 5 желтоқсан 2013, 14:27 1 844 рет қаралды
Киев қаласында тәртіпсіздік ұйымдастырушылары ұсталды Әлемде

Киев қаласында тәртіпсіздік ұйымдастырушылары ұсталды

Украина президенті әкімшілігі ғимаратының жанындағы тәртіпсіздікке белсенді түрде қатысқан тоғыз адам ұсталды. Олар екі айға сотталды. Бұндай үкімді сейсенбі күні Киев соты шығарды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. 4 желтоқсан 2013, 09:49 1 912 рет қаралды
Киевте демонстранттар үкімет үйін қоршап тұр Әлемде

Киевте демонстранттар үкімет үйін қоршап тұр

Бүгін Украина парламенті үкіметке сенімсіздік таныту жобасы дауысқа салуы тиіс. Бірақ "УДАР" оппозициялық партиясының жетекшісі Виталий Кличко "елдегі саяси дағдарысты оңалту үшін үкіметті отставкаға ғана жіберу жеткіліксіз" деп мәлімдеген. 3 желтоқсан 2013, 09:38 1 705 рет қаралды
Дамаскіде Ресей елшілігі атқыланды Әлемде

Дамаскіде Ресей елшілігі атқыланды

Сирия астанасы Дамаскідегі Ресей елшілігі кеше минометтен атқыланып, салдарынан бір сириялық қаза тапқан. Тағы жергілікті тоғыз тұрғын жараланған. Зардап шеккендер арасында ресейліктер жоқ деп хабарланды. 29 қараша 2013, 09:15 1 821 рет қаралды
Жапония мен Оңтүстік Корея Қытай талабына бағынбады Әлемде

Жапония мен Оңтүстік Корея Қытай талабына бағынбады

Жапония мен Оңтүстік Корея билігінің мәлімдеуінше, екі елдің әскери әуе күштері Қытайдың Шығыс Қытай теңізінде құрған әуе қорғанысы аумағын бұзып кірді. Кеше жаңа территория үстінен Жапония жағалу күзетінің ұшағы ұшып өткен. Ұшақ Пекиннің жаңа талаптарына бағынбағанымен, ешқандай қарсылыққа тап болмаған. Оңтүстік Корея әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары да жаңа аумақ үстінен ұшып өткен. 29 қараша 2013, 09:13 2 934 рет қаралды
Қырғызстанның бұрынғы президенті Бәкиевтің інісі өмір бойына бас бостандығынан айырылды Әлемде

Қырғызстанның бұрынғы президенті Бәкиевтің інісі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қырғызстанда сот елдің бұрынғы президентінің інісі Жаныбек Бәкиевке қатысты  сырттай оны  өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. 27 қараша 2013, 14:55 2 767 рет қаралды