Атырау, 24 қараша 01:04
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Наразы халық қатары артып келеді

1 629 просмотра

Украинадағы  жағдай әлі де ушығып тұр.

Жексенбі күні алаңға жүз мыңдаған халық жиналып, Президенттің қызметтен кетуін талап етуде. Наразы халық кеше түнге таман Президент әкімшілігін қоршауға алды. Онда «Беркут» күштік құрылымы мен халық арасында қақтығыс болып, бірнеше адам жарақат алды. Киев қаласы халық көтерілісінің негізгі ошағына айналды, басқа да ірі қалалардан билікке қарсы халық қатарға келіп қосылып жатыр. Айталық, кеше түнде Львов қаласынан 70-ке жуық үлкен-кіші автобус, 100 жуық жеңіл көлікпен 10 мың адам келіп қосылды. Қазіргі күні елдегі саяси жағдай да тұрақсыздық танытып тұр, ал билік партиясынан бірқатар депутат өз еркімен шықты. 30 қараша күні орын алған қанды қақтығыстан кейін Президент әкімшілігінің басшысы Сергей Левочкин да өз еркімен қызметінен кету туралы арыз жазды деген ақпарат та желдей есіп жүр. Бірақ әлі бұл өтінішке Президент қолын қоймаған.

Дереккөз: 24.kz

2 желтоқсан 2013, 20:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.