Атырау, 5 желтоқсан 12:57
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Киев қаласында тәртіпсіздік ұйымдастырушылары ұсталды

1 640 рет қаралды

Украина президенті әкімшілігі ғимаратының жанындағы тәртіпсіздікке белсенді түрде қатысқан тоғыз адам ұсталды. Олар екі айға сотталды. Бұндай үкімді сейсенбі күні Киев соты шығарды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Олардың барлығы Украинаның қылмыстық кодексінің 294 бабы бойынша, яғни жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқаны үшін айыпталды. Бұғанға дейін Киев милициясы 1 желтоқсандағы жаппай тәртіпсіздіктермен және Киевтегі әкімшілік ғимараттарды қоршауға алумен байланысты 11 істің тергеле бастағаны туралы хабарлаған болатын.


Дереккөз: bnews.kz

4 желтоқсан 2013, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.