Латвия Премьер-Министрі Ригадағы "Maxima" сауда орталығындағы апатқа байланысты қызметінен кетті, деп хабарлады РБК.Сондай-ақ, Латвия Премьер-Министрінің қызметтен кетуі автоматты түрде үкіметтің таралуына әкеліп соқтыратындықтан, жақын арада елде жаңа министрлер кабинеті пайда болатындығын түсіндіре кеткен.
Бұдан бұрын құрылыс саласын қадағалайтын Латвия Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Юрис Пуце отставкаға кеткені жөнінде мәлім болған еді.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, аталған елдің Президенті Андрис Берзиньш Рига супермаркетінде болған апатты оқиғаны "жаппай адам өлтіру" деп атады.
Еске сала кетейік, «Maxima» супермаркетінің шатыры 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 кезінде опырылып түскен болатын. Дәл осы кезде қала орталығындағы дүкендерде адамдар көптеп жиналады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +3