
Айта кетейік, Нобель сыйлығына физиология және медицина бойынша АҚШ ғалымдары Джеймс Ротман, Рэнди Шекман және Томасу Зюдхоф лайықты деп табылған болатын.
Физикадан Бельгия ғалымы Франсуа Энглер мен британдық профессор Питер Хиггс лауреат атанды.
Нобель сыйлығы химия саласы бойынша америкалық Мартин Карплуске, Майкл Левит пен Ари Варшелге бұйырды.
Әдебиеттен Нобель сыйлығын канадалық жазушы Элис Мунро алады.
Экономика бойынша америкалық зерттеушілер Юджин Фама, Ларс Питер Хансен мен Роберт Шиллердің қанжығасы майланбақ.
Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты 2013 жылы 112-ші рет өтеді,оны 847 адам мен 22 ұйым алды.
Дерекөз: bnews.kz
10 желтоқсан 2013, 11:26