Атырау, 24 қараша 00:32
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ким Чен Ын жездесін жемқорлығы үшін биліктен қуды

2 938 просмотра
Солтүстік Корея дүйсенбіге қараған түні ресми түрде ең ықпалды солтүстіккореялық саясаткер Чан Сон Тхэктің отставкаға кеткенін мәлім етті, ол мемлекет басшысы Ким Чен Ынның жездесі болып табылады, деп хабарлайды РБК Associated Press-ке сілтеме жасап. 

 Хабарламаға сәйкес, шенеунік қызметінен жемқорлық әрекеттері, әйелқұмарлығы, есірткі пайдаланып, құмар ойындарға әуестігі үшін және басқа да себептерге байланысты қуылып отыр.

КХДР Еңбек партиясы Орталық комитеті саяси бюросының кеңейтілген отырысы туралы есепте көрсетілгендей, Чан Сон Тхэк «партия мен көшбасшыны қолдайтындай сыңай танытып, сырттай жүргізген антипартиялық әрекеттерімен КХДР-ді гүлдендіру жолында кедергі келтіріп, екіжүзді бағыт ұстанған» деп көрсетілген.

Сондай-ақ Қаулы мәтінінде «қылмыстық әрекеттері», оның ішінде есірткі пайдаланып, қазына қаражатын оңды-солды шашуы 2011 жылдың желтоқсанында қаза болған ел басшысы Ким Чен Ирды екі жылдық аза тұту кезеңінде орын алған, бұл өз кезегінде партия мүшелерінің, Корея халықтық әскерінің және жалпы КХДР халқының «ашу-ызасын еселей түсті» деп көрсетілген.

67 жасар Чан Сон Тхэк, сондай-ақ «боз кардинал» атауымен танымал саясаткер Ким Чен Ыннан кейінгі екінші тұлға деп есептелген болатын. Дәл осы азамат қазіргі солтүстіккореялық көшбасшының тәлімгері деп саналады. Чан Сон Тхэк бұрынғы ел басшысы Ким Чен Ирдің қарындасын алған.

Дереккөз. bnews.kz

9 желтоқсан 2013, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.