Атырау, 24 қараша 00:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хакерлер 2 миллионнан астам пайдаланушының паролін ұрлады

1 216 просмотра

Хакерлердің жаппай шабуылынан Facebook, Twitter, LinkedIn, «Одноклассники» және бірқатар басқа сервистердің екі миллионнан астам пайдаланушыларының парольдері ұрланды, деп хабарлайды Би-би-си. Ұрланған мәліметтер ғаламторда жарияланған. 

Киберқауіпсіздікке мамандандырылған Trustwave компаниясының өкілдері мәлімдегендей, жеке мәліметтердің жоғалуы пернетақтадан енгізілген деректерді есте сақтап қалатын зиян келтіретін бағдарламаны орнатудың салдарынан туындап отыр. Вирус соңғы ай ішінде енгізілген мәліметтерді сақтап отырып, алынған аттар мен парольдерді хакерлер басқарған серверге жіберіп отырған.

24 қараша күні Trustwave қызметкерлері Нидерландыда орналасқан аталмыш сервердің «ізін аңдыды». Facеbook –те 318 мың аккаунттың, Google-да( Gmail және YouTube) – 70 мың, Yahoo-да – 60 мың, Twitter-да – 22 мың, «Одноклассника»-да - 9 мың аккаунттың жеке мәліметтері анықталды. Бұл әлеуметтік желілердің әкімшілігі ұрланған парольдердің барлығы өзгертілгенін мәлімдеді.

Trustwave өкілдері атап өткендей, ұрланған парольдер туралы ақпарат жарияланған сайт орыс тілді болған. Ұрланған жеке мәліметтер базасының ішінде ең танымал пароль - «123456».

Дереккөз: bnews.kz

 

5 желтоқсан 2013, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.