
Украина премьер-министрі Николай Азаров Киев пен басқа да қалалардағы наразылық акцияларын "мемлекеттік төңкеріске қатты ұқсайды" деп сипаттады. Азаровтың сөзінше, билік Киевтегі "парламент үйін басып алу жоспары" туралы естіп-білген. Премьер-министр бұл пікірін дүйсенбіде билікке наразылық танытушылар үкімет үйін қоршауға алған кезде білдірді.
Демонстранттар үкіметтің Еуропа одағымен жақын қарым-қатынас жасау келісімінен бас тартуына наразы. Кеше Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы жағдайды "төңкеріс емес, бүлік" деп атады.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни Вашингтон "бейбіт манифестацияларды төңкеріс жасау әрекеті" деп қабылдамайтынын мәлімдеді. Ол 30 желтоқсанда Киевтегі наразылық жиынына полицияның күш қолданғанын айыптады.
Дереккөз: Азаттық радиосы
3 желтоқсан 2013, 09:38