Атырау, 5 желтоқсан 12:57
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ереуілшілердің екпіні басылар емес

1 391 рет қаралды

Таиландта қаржы министрлігін басып алған ереуілшілер басылар емес. 

Оларға жергілікті биліктің арнайы операция жүргіземіз деген ескертулері де кедергі болмай тұр. Шерушілердің өзге топтары 3 бағытқа бет алды. Олардың бірі Үкімет үйі алдында шабуыл жасап жатқан жақтастарына көмекке кетсе, басқалары қалалық полиция басқармасы мен парламент ғимараттары кешеніне аттанған. Осыған байланысты бүгін 8 жоғары оқу орны мен ондаған мектеп жабылды. Айта кетейік, елдегі министрлер кабинетін бұрынғы Премьер-Министрдің қарындасы басқарып отыр. 2006 жылы бұрынғы Үкімет басшысы Таксин Чинават елден қуылған  болатын. Шеруге шыққандардың пайымдауынша, ол өз қарындасы арқылы әлі де елді басқаруын жалғастырып келеді.

Дереккөз: 24.kz

2 желтоқсан 2013, 20:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.