Атырау, 24 қараша 00:57
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ пен Ресей арасында тағы да дау туды

2 198 просмотра
АҚШ Ресей елшілерін медициналық сақтандыру алуда алаяқтық жасады деп айыптауда. Айтуларынша, олар медициналық жеңілдіктерге тапсырыс бере отырып, өз табыстарын төмендетіп көрсеткен. 

Нақтылай айтсақ, Ресейдің Нью-Йорк пен Вашингтонда өмір сүріп жатқан елшілері және олардың әйелдеріне 1,5 миллион долларды алаяқтықпен алған деген кінә артып отыр деп хабарлайды Associated Press.
Дереккөз жазғандай, орыс дипломаттары медициналық жеңілдіктерді тұрақты түрде алып отыру үшін өз табыстарын аз етіп көрсеткен.
Айыптау Манхэттеннің федералды сотында ресми түрде айтылды. Алайда, елшілердің жеке басына қол сұғуға болмайтындықтан олардың ешқайсысы қамалған жоқ.
CNN телеарнасының хабарлауынша, осынау іс бойынша 49 адамға кінә тағылып отыр. Ал, алаяқтық жүйе 9 жыл бойы жұмыс істеп тұрған көрінеді.

Дереккөз: Baq.kz

6 желтоқсан 2013, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.