Атырау, 8 мамыр 22:20
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ленин бөлшектеліп сатылып жатыр

1 522 просмотра
Кеше Украинада құлатылған Ленин ескерткішінің сынықтары интернет арқылы сатылымға шықты. Оның әпбір келісі 50 гривна. 

Тастан жасалған Ленин алақаны 1000 грн. Slando интернет-дүкенінде кеше кешкісін осындай жарнама шықты. Онда "Сізде тарихтың бір бөлшегін сатып алатын керемет мүмкіндік бар" деп жазылған.
Сынық бөлшектердің бағасы дене мүшесіне байланысты. Мәселен, Алақаны (13 кг) 1000 гривна, қолының бөлшегі (17 келі) 750 гривна, аяқ пен дене бөлшектері бір келісі үшін 50 гривна. Ал, ескерткіштің басы болса құнсыз деп бағаланып отыр. Сатып алушы оған өз бағасын айтуы тиіс.
Айта кетейік, осынау тарихи ескерткіш Киевтің Шевченко көшесінде 1946 жылдан бері тұрған. Ол сирек кездесетін кварциттен жасалған болатын. 8 желтоқсан күні белгісіз біреулер оны құлатып, бөлшектеп тастаған болатын.

Дереккөз: BAQ.KZ

10 желтоқсан 2013, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.