Таиланд Премьер-министрі Йинглак Чинават парламенттің таратылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі Лента.ру-ға сілтеме жасап.
Чинават қазіргі кезеңде Үкіметке қарсы топтардың бар екенін ескере отырып, «тай халқына билікті беріп, сайлау өткізген жөн» деп тікелей эфирде мәлімдеме жасады. Әрі ол «неғұрлым тез арада» сайлау өткізу керек деп санайды.
Бұған дейін Чиноват ел үкіметіне сенім жөнінде референдум өткізуді ұсынған болатын. Саясаткер егер тай халқы референдумда оған сенімсіздік таныста биліктен кетуге уәде берген.
Қараша айының соңынан бері қарсылық танытып жатқан оппозициялық демонстранттар Чиноваттың отставкаға кетуін талап етуде. Соңғы күндері қарсылық білдіруші топ Таиланд королінің туған күні атап өтілуіне байланысты ереуілді уақытша тоқтатты, дегенмен дүйсенбі күні демонстрация қайта жалғасады.
Дереккөз: bnews.kz
9 желтоқсан 2013, 09:33