Атырау, 9 мамыр 01:28
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Алтын доптан» үміттілердің есімі белгілі болды

2 425 просмотра

Астана. 10 желтоқсан. BAQ.KZ – 2013 жылды қорытындылағалы жатқан ФИФА "Алтын допқа" үмітті үш футболшының есімдерін атады. Олар: "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду, "Бавария" жартылай қорғаушысы Франк Рибери және "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси. 

Үздік үштік 23 футболшыдан тұрған жалпы тізімнен таңдалып алынды. Енді осы үшеудің қайсысы "Алтын допқа" лайықты екені келер жылдың 13 қаңтарында Цюрих қаласында мәлім болады.
ФИФА сонымен қатар, ең үздік бапкер атағына лайық үш үміткердің де есімдерін жария етті. Олар: Алекс Фергюсон ("Манчестер Юнайтед"), Юпп Хайнкес ("Баварияның" бұрынғы бапкері) және Юрген Клопп ("Боруссия").
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Месси төртінші жыл қатарынан "Алтын доп" иегері атанып, тарихтағы ең үздік спортшылардың тізіміне енген болатын. 

Дереккөз: BAQ.KZ

10 желтоқсан 2013, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.