Қырғызстанда сот елдің бұрынғы президентінің інісі Жаныбек Бәкиевке қатысты сырттай оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
Ол 2010 жылы тамызда оппозиция жақтастарын таратуда 100-ге жуық адамның өліміне, тонауға қатысы бар, қаруланған топтарды ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Бұл туралы Қырғызстанның Бас прокуратурасының өкілі хабарлады.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиев билікке «бәйшешек» революциясынан кейін келіп, 2010 жылы орнынан алынды. Оған да үкіметке қарсы көтерілістерге қатысқандардың өліміне қатысы бар деген айып тағылып отыр. Ағайынды Бәкиевтер Минскіде жасырынып жүр. Белоруссия билігі оларды Қырғызстанға беруден бас тартты, деп хабарлады «Новости».
Дереккөз: ҚазАқпарат