Атырау, 5 желтоқсан 12:57
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Лениннің ескерткішін құлатты - ВИДЕО

1 982 рет қаралды
Киев милициясы қаладағы Бессарабский алаңында Лениннің ескерткішін құлату фактісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
 
Милиция белгісіз біреулердің ескерткішті қиратуы Украинаның қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес жаппай тәртіпсіздік деп санап отыр.
Мүлікті қастандықпен жойып, қоғамды тәртіпті қатаң бұзғаны үшін айыпталушыларды жауапкершілікке тарту көзделуде.
Жексенбі күні хабарланғандай, 250-ге жуық адам ағаштарға арқан байлап тарту арқылы Лениннің ескерткішін құлатқан. Сол жерде милиция қызметкерлері толы автобус тұрған, алайда олар бұл оқиғаға араласпаған, деп хабарлады Росбалт.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

9 желтоқсан 2013, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.