Жақында өмірден өткен ОАР-дың экс-президенті Нельсон Манделамен қоштасу рәсіміне бет алған АҚШ президенті Барак Обама Йоханнесбургке барар жолда таңертеңгілік көлік кептелісіне түсіп қалды, деп жазды Twitter-дегі парақшасына Франс Пресс тілшісі Йоханн Майбург (Johannes Myburgh), деп жазады РИА Новости.
«Президент Обама ОАР-ға келіп жетті, алайда Приторийден Йоханнесбургке барар жолда келік кептелісіне тап болып, жаңбырдың астында қалды», - деп жазылған Майбургтің Twitter парақшасында.
Франс Пресс мәліметтеріне сәйкес, әлемдік көшбасшылар сейсенбі күні Йоханнесбург стадионында Манделамен қоштасуға келген 80 мың халықтың алдында сөз сөйлейтін болады. Бұған дейін ОАР экс-президентімен қоштасуға 200 мыңнан астам адам ниет білдіргені және олар үшін қосымша үш стадионда тікелей транслация ұйымдастырылатыны хабарланған болатын. Шарада басты сөзді ОАР-дың қазіргі президенті Джейкоб Зума алады. Йоханнесбургте өтетін қоштасу рәсіміне 91 әлемдік деңгейдегі көшбасылар мен бұрынғы мемлекет басшылары қатысады деп жоспарланған.
Дереккөз: bnews.kz
В Атырау +3