Куәгерлердің айтуынша, ұшақтағы проблема Бангкокте басталған екен. Boeing ә дегеннен әуеге көтеріле алмаған көрінеді. Экипаж мүшелері жолаушылардан біраз уақытқа салоннан шығып тұруын өтінген, содан кейін әуе кемесіне жөндеу жүргізіліп, ұшақ сапарға шығады.
Жолаушылардың сөзіне қарағанда, ұшу кезінде лайнердің қозғалтқышы істен шығыпты. Әуе кемесі Ташкент әуежайының ұшу-қону жолағына әрең жетті дейді осы рейспен ұшып келген адамдар.
Барлық 267 жолаушыға қажетті көмек көрсетіліп, тамақ берілді.
Ұшақ қонғаннан кейін 30-40 адам Nordwind Airlines бортымен одан әрі ұшудан бас тартты. «Ташкент» әуежайының өкілдері оларды таяу уақытта басқа әуе компаниясының рейстерімен жөнелтеміз деп сендіріп отыр.
Дереккөз: bnews.kz