Исландия полициясының офицерлері ел тарихында бірінші рет арнайы операция жүргізу барысында ұсталған құқық бұзушыға оқ атты.
Қаруланған қылмыскерді тәртіп сақшылары Рейкъявик қаласының маңындағы атыс кезінде өлтіріп алған.
БАҚ-тардың атап өтуінше, бұл құқық бұзушы Исландия тарихындағы полиция қаруынан қаза болған тұңғыш қылмыскер. Басында 59 жастағы ер адам тапаншамен көршілерін жай қорқытқан көрінеді. Артынан терезеден оқ жаудырғасын полиция оған қарсы қару қолдануға мәжбүр болған.
322 мың халқы бар Исландия әлемдегі қылмыс деңгейі ең төмен елдердің бірі. Мұндай атыстар бұл ел үшін өте сирек кездесетін жағдай. Арнайы операция барысында қаза болған қаскөйдің өлімі егжей-тегжейлі тергелетін болады, деп хабарлады gipoteza.net.
Дереккөз: ҚазАқпарат