Қоғам Басынан бағы тайған Балқұдық Құрманғазы ауданына қарасты Азғыр өңіріндегі Балқұдықтың басынан бақ тайғалы бірнеше жылдың жүзі болды. 24 ақпан 2011, 00:00 9 481 просмотра
Қоғам Несиенің «несібесінен» дәмелі үйлер ПИК жалпы жиналысы қарыз «қарарлары» туралы шешімді қарады Қалалық әкімдік тұрғын үй-коммуналдық реформаны жүзеге асыруға кірісті. 18-ші ақпанда ПИК жиналысы болды, онда тұрғын үй қорын термомодернизациялау және күрделі жөндеу жөніндегі нақты жоспарлар көзделді. 24 ақпан 2011, 00:00 3 537 просмотра
Экономика Екінші деңгейдегі үйлер әлі сұраныста Дағдарысқа қарамастан жылжымайтын мүлік бағасы күткеніміздей құлдырай қойған жоқ. Тек шамалы ғана төмендеді де, тоқтап қалды. Сұраныстың жалпы азаюына қарамастан пәтерлер төмен бағаға кете қойған жоқ, дегенмен, дағдарысқа дейінгі «қомақты» бағалар да жоқтың қасы. Сатушылар көбінесе өз хабарландыруларында ұсыну (кейін бір-екі мың теңгесін түсетін) бағасын емес, нақты бағасын, яғни, келісімнің іс жүзіндегі құнын көрсетіп жазады. Дағдарыс тұсындағы тағы бір басты деталь-сатып алушы пәтермен бірге (фурнитура мен техникаларын қоса) сол ақшаға барлық жиһазымен бірге (шырағданға дейін) сатып алуға тырысады. Дегенмен, дағдарыстың аты дағдарыс қой. 24 ақпан 2011, 00:00 3 573 просмотра
Басқа жаңалықтар Әскерилер әңгімелесуге шақырды Таяу күндердің ішінде Атырау облысының барлық 1993 жылғы туған бозбалалары әскери комиссариатқа әңгімелесуге шақырту алды. «Біз сіздерді қызметке алып кетпейміз, жай ғана әңгімелесеміз!», - дейді әскерилер». 24 ақпан 2011, 00:00 3 175 просмотра
Қоғам Дәрігерлер емдеп және емделіп жүр Гепатитпен сырқат дәрігерлердің емделуін мемлекет өз мойынына алып отыр. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА мәлімдеді. 24 ақпан 2011, 00:00 3 159 просмотра
Экономика Картоп партиясы «аңызға» айналды Азық-түлік бағасы тағы да өсіп жатыр. Ет келісінің бағасы 1500 теңгеге көтеріліп барады. Қант пен көкөніс те барған сайын шарықтауда. Сайлау өтер күн де алыс емес, ал, билік азық-түлік дағдарысынан шығар жолды жанұшыра іздестіруде. 23 ақпан 2011, 00:00 3 259 просмотра
Қоғам Жайықтағы із кесу Полицей бекетінен жиырма метр жерде жылы камуфляж киген бір топ адам үкіден ау қайырып жатып, «Түс, балығым, түс, - деген сөздерді айтқан болар... Өткен сенбіде «АЖ» тілшісі Жайық сағасына барып, браконьерліктің бұрынғыша өркендеп жатқандығына көз жеткізіп қайтты. 23 ақпан 2011, 00:00 4 517 просмотра
Экономика Жем бағасына кім бақылау жасайды? Алдымен облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ жеке блогындағы мына бір жазбаға үңілейік: «Мен сізге анамның өтініші бойынша шағымданып отырмын. Оның жасы 82-де, 25 мың теңге зейнетақы алады. "Дина" базары маңындағы жеке меншік үйде өз қажетттілігі үшін ұстап отырған сиыры мен аз-мұз үй құстары бар. Құрама жемді "Дина" ауданындағы Хозторг базарынан сатып алады. Алайда биыл жем бағасы адам айтқысыз аспандап кетті. Кебектің 1 қабы -1000 теңге тұрады, ол былтыр бар болғаны 300 теңге болған еді. Неге? Жемнің бағасы да күн сайын көтеріліп отыр. Бидай дақылы - 3000 теңге тұрады. Жем мен шөптің бағасының қымбаттылығы салдарынан Елшібек, Геолог поселкелеріндегі мал басы толық жойылып бітті» - деп жазады Жаннат ШАЯХМЕТҚЫЗЫ. 23 ақпан 2011, 00:00 7 831 просмотра
Экология Азғыр аздырып барады Зардабы зерттелмеген зобалаң Облыстық әкімдікте Құрманғазы ауданындағы тоқтатылған «Азғыр» полигоны бойынша кеңес болып өтті. Полигон аумағында 10 тәжірибе алаңдары орналасқан. Онда 1966-1979 жылдар арасында түрлі қуаттылықтағы 17 жерасты жарылыстары жасалған. Содан бері бөлінген бәленбай миллион бюджет қаржысына қарамастан, «ұйқыдағы» полигон қауіпсіз боп қалған жоқ, азғырлықтардың өмір сүру жағдайлары да жақсарған жоқ. 23 ақпан 2011, 00:00 6 959 просмотра
Мәдениет Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді» Өткен аптада Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрын аттестациялауға Алматыдан арнайы келген театр сыншысы, профессор Әшірбек СЫҒАЙ жергілікті актерлардың ойынына өзінің лайықты бағасын беріп кетті. Атырау театрының репертуарындағы «Қарагөз», «Махаббат мұнарасы», «Супер келін» спектакльдерін көріп тамашалаған сахна өнерінің жанашыры Қазақстан театрының бүгінгі ахуалы жөніндегі ой-пікірімен де бөлісті. 23 ақпан 2011, 00:00 9 671 просмотра
Қоғам Жер телімі әлі де талайға арман Шабандап қалған тізбекті кезек Тегін жер алу үшін кезекте бес-алты жыл, тіпті, одан да көп жылдар бойына тұрған адамдар кезектің қалай болғанда да жылжуы тиіс екендігін біледі. Атырауда жылына қанша жер учаскесі берілсе, кезек те сонша алға жылжуы тиіс қой. 23 ақпан 2011, 00:00 7 667 просмотра
Қоғам «Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды «Біздің «Өмір гүлі» ұжымында музыканттар да, әншілер де, бишілер де бар. Жаңадан жұмыс жасай бастағанымызда 15 адам болды, ал бір жылдан соң 40 адам болдық. Мектептерге, колледждерге, Жасөспірімдер үйіне, «Ақбота» балалар үйіне және т.б. жерлерге үнемі өнерімізді көрсетеміз. Екі айда бір рет қалалық мәдениет үйлеріне міндетті түрде концерт беріп тұрамыз», - дейді мүгедектер ансамблінің жетекшісі Таня ЖАКУПОВА өз жұмысы туралы құлшыныспен әңгімелеп. Мұның бәрін олар қай уақытта үлгереді екен деп таң қаламын. Мүгедектер туралы сөз қозғалса, көз алдыңа мүмкіндіктері шектеулі ғаріп жандар елестей кетеді ғой. Алайда Таня ондай жандардың қатарынан емес. 23 ақпан 2011, 00:00 4 018 просмотра
Қоғам Шыны түтіктегі шарана Бұрын бүлдіршін өзінің қайдан пайда болғанын сұраса, әдетте қысылған ата-ана «аһ дегенде аузымнан түстің» немесе «құс әкеліп тастады» деп жататын. Енді «шыны түтіктен пайда болдың» деген жауапты да айтуы мүмкін. 2010 жылы алматылық дәрігерлердің шеберліктерінің арқасында пайда болған 60-тан аса атыраулық сәби дүниеге келген. «АЖ» сұрақтарына «ЭКО» алматылық экстракорпоральды ұрықтандыру орталығының директоры Тамара ЖҮСІПАЛИЕВА жауап берді. 23 ақпан 2011, 00:00 7 353 просмотра
Қоғам Жасөспірімдерге арналған «түнгі қарауыл» ҚР Үкіметі кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта көшеде жүруге тыйым салып, «коменданттық сағат» енгізді. 23 ақпан 2011, 00:00 7 957 просмотра
Экономика Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме бекітілді Қазақстанда енді несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі реттелетін болады. 20-шы ақпанда ипотекалық несиелеу және қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң күшіне енді. 23 ақпан 2011, 00:00 4 979 просмотра
Қоғам «Кәсіподақ төрағасын тыңдауға міндетті емеспіз» Қашағаннан жетіп жатқан хабарларға қарағанда, ол жақатағы еңбек қатынастары мәз емес. Ал жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін сөз жоқ, мықты кәсіподақтар қажет. Бірақ мұндай қауқарлы кәсіподақтар бар ма, әңгіме сонда. 23 ақпан 2011, 00:00 3 538 просмотра
Саясат Елбасын бұрынғыша сайлайтын боламыз 3 сәуірде өтетін президент сайлауында атыраулықтар тек қағаз бюллетендер арқылы ғана дауыс бере алады. Орталық сайлау комиссиясы енгізу үшін миллардтаған теңге жұмсалған «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесінен бас тартуға шешім қабылдады. 23 ақпан 2011, 00:00 4 181 просмотра
Басқа жаңалықтар Жедел рәсімдеу қайта қолға алынды 21 ақпаннан бастап әділет органдары құжаттарды жедел дайындаудың үш санаты бойынша (жеті күн, он және он бес күн) рәсімдеуді қайта жандандыра бастады. 23 ақпан 2011, 00:00 3 051 просмотра
Қоғам Астананың аязы Атырауға ауды Бүкіл Қазақстан бойынша күннің суытқаны байқалады. Аяқ астынан басталған аяз көптеген қалаларда, соның ішінде Астана мен Өскеменде мектептегі сабақтарды болдырмай тастады. Атыраулық оқушылар әзірге аялдамаларда автобус күтіп бүрсеңдеуге мәжбүр. 23 ақпан 2011, 00:00 3 526 просмотра
Саясат Муамар Каддафидың ұлы Ливияның азаматтық соғыс қарсаңында тұрғанын айтады Ливияны қырық жылдан астам билеп отырған Муамар Каддафидың ұлы – Сейф әл-Ислам Ливияның азаматтық соғыс қарсаңында тұрғанын мәлімдеді. 21 ақпан 2011, 00:00 3 723 просмотра
Қоғам Қоянжырық қайдан пайда болады? Облыста іштей туа біткен ерін, қызыл иек, қатты және жұмсақ таңдай жарығымен туылған балалар саны соңғы мәлімет бойынша 172-ге жетіпті. Халық арасында ондай белгілерді «қоянжырық» және «қасқыр ауыз» деп атайтыны аян. Алайда, қаламыздағы бас балалар стоматологы Таласбай ОРАЗБАЕВ «осындай аномальді даму белгісін олай атауға мүлдем болмайды, бұл ота жасатып, оңалып шыққан балалардың және олардың аналарының жанын қайта жаралайды» дейді. Ал облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, мұндай іштей туа біткен ақауларды нәресте жарық дүниеге келмей тұрып УЗИ-дің көмегімен алдын алуға болады екен. Қалай дейсіз ғой? Жүкті әйелдерге түсік жасатуға ұсыныс беру арқылы. 18 ақпан 2011, 00:00 28 815 просмотра
Басқа жаңалықтар Магниттік дауылдың әсері «АЖ»-ға Қазақстан Республикасының ионосфера институтының қызметкері Ирина ЦЕПАКИНА хабарлағандай, спутник күн бетінен орташа және үлкен қуаттылықтағы жарқылдар тізбегін тіркеген. Бұл Х класына жатады – мұндай құбылыс соңғы рет 2006 жылдың желтоқсан айында байқалыпты. 17 ақпан 2011, 00:00 14 222 просмотра
Экономика Айлықтың «айласын» асырғандар Атырау облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, 2010 жылы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық номиналдық еңбекақы 164 035 теңгеге тең болған. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. 2009 жылдың желтоқсанындағы өсім 12,2 пайызды құраған. 17 ақпан 2011, 00:00 2 948 просмотра
Экономика «Өнеркәсіп өнімінің көлемі» триллионға жетті Кеше Атырау облысының әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ облыс активінің алдында өткен жылдағы атқарылған істердің есебін беріп, ағымдағы жылдың міндеттерін белгіледі. Баяндаманың негізгі желісі мынадай еді: «Қалауын тапса, қар жанар». Өткен жылғы есеп берулерге қарағанда, бұл жолы «Атырау» мәдени орталығының ғимаратында полицейлер жасағы болған жоқ, екі полицейден басқа сұлбаларына қарағанда, төменгі шенді шенеуніктерге ұқсамайтын штаттық киім киген екі ер адам ғана болды. Б.Рысқалиев мәлімдегендей, оның бұйрығы бойынша көшеге микрофон орнатылған болып шықты, залға кіре алмаған жұртшылық өкілдері оған өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алады екен. 17 ақпан 2011, 00:00 3 494 просмотра
Қоғам «ЖКХ» және суға батқан жертөле Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен әйгілі академик Зейнолла Қабдолов атындағы Кітап үйі орналасқан ғимараттың жертөлесі ыстық суға толған. Бөлім қызметкерлері мен келушілер сасық иісті бумен уланып қана қоймай, миллион теңгеден астам сомадағы кітап басылымдары тауарлық бейнесін жоғалтуы мүмкін. 17 ақпан 2011, 00:00 4 643 просмотра