Атырау, 27 қараша 06:56
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ТЖ: «15 маусымда су 103 сантиметрге дейін көтерілді»

2 705 просмотра

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК Филиалының хабарламасында айтылғандай, желдің жылдамдығы секундына 6 метр соғып, ұйытқыған жел жылдамдығы секундына 12 метрге дейін жеткенде, теңіз деңгейі Пешной поселкесінде (Жайық сағасының маңында) болжамға қарамастан шекті деңгейге жетпеді.

Бұл ауданда су деңгейінің 120 см-ге немесе оған дейін - мұхит деңгейінен 26,80 м-ге төмен көтерілуі - шектік деңгей, нормадан жоғары 140 см-ге көтерілуі - қауіпті, 160 см-ге көтерілуі - аса қауіпті деп есептеледі. Тынық ауа-райында Солтүстік Каспий деңгейі шамамен 28 м-ге тең.

Үстіміздегі жылдың 15 маусымында күндіз Каспийдегі су деңгейі 26,97 – 26,96 метрге дейінгі деңгейге көтерілді, яғни 103-104 см-ге нормадан асты. Мұнда желдің әсерінен көтерілген судың деңгейі 128 см-ге дейін жетеді деп күтілген еді.

Жанбай ауылында су деңгейінің көтерілуі 48 см құрады, алайда 51 см болады деп күтілген болатын.

Сағат 15:00-де «Қазгидромет» РМК Филиалынан 16 маусымда Атырау облысы бойынша кей жерлерде найзағай, топырақ борап, дүлей жел соғады, солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деген дауылды ескерту алынды. Атырау қаласында солтүстік-батыстан сооқан жел секундына 15-18 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Атырау облыстық ТЖД Атырау, Еркінқала, Дамбы және Кеңөзек ауылдық округтерінде анағұрлым осал жерлерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Жергілікті «Қазақстан-Атырау» телеарнасы бойынша осы округтердің тұрғындарына ахуал туралы тұрақты хабарланып тұрады.

16 маусым 2014, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.