Атырау, 24 қараша 12:52
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина шекара қызметінің басшысы қызметінен кетті

2 340 просмотра
"Украина мемлекеттік шекара қызметі басшысы қызметтен кетті. Бұл туралы "1+1" телеарнасының журналисті Григорий Жигаловқа сілтеме жасап, УНИАН ақпарат құралы мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Шекара қызметінде пикет жасаған белсенділер өз дегендеріне жетті-Литвин қызметінен кету туралы өтініш берді" деп жазады Жигалов өзінің Facebook парақшасында.

Осының алдында, шерушілер Мемлекеттік шекара қызметінің бас ғимаратына басып кірмек болған еді. Олар ведомство басшыларын жемқорлыққа жол берді және елдің оңтүстік шығысындағы шекараны күзете алмады деп айыптаған болатын.

Украина ІІМ басшысы Арсен Аваков "қарсылық акциясын ұйымдастырғандарға қарсы күш қолданып, қамап тастаймын" деп сес көрсеткен болатын. "Бұл адамдар мемлекеттік мекемені толықтай оқшаулап, шын мәнінде әскери іс-қимыл жасап отыр" деді ол.

Басылымның мәліметінше, "Украина Мемлекттік шекара қызметі туралы" заңға сәйкес Мемлекттік шекара қызметі басшысын премьер-министрдің ұсынуымен президент тағайындайды.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

13 маусым 2014, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.