Атырау, 24 қараша 13:23
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Малайзия жоғалған Boeing жолаушыларының отбасыларына өтемақы төлей бастады

1 409 просмотра
Малайзияның Malaysia Airlines ұлттық әуе компаниясының сақтандырушысы үш ай бұрын жоғалған Boeing 777 жолаушыларының отбасыларына апат туралы ақпараттың әлі толық анықталмағанына қарамастан алдын-ала өтемақы төлей бастады, деп хабарлады РИА Новости.

50 мың доллар көлеміндегі өтемақыға алты малайзиялық және бір қытайлық отбасы ие болды, деп хабарлады жұма күні Straits Times сингапурлік газеті.

Жоғалғандардың отбасы мүшелеріне көмек көрсету бойынша комитеті басқаратын әмірліктің сыртқы істер министрі Хамза Зайнудин мұндай төлемдер барлық жоғалған 239 жолаушы мен экипаж мүшелерінің отбасыларына төленентінін хабарлады.

Еске сала кетейік, Куала-Лумпурден Бейжіңге МН370 рейсімен шыққан Boeing 777-200 әуе лайнері 227 жолаушысы және бортындағы 12 экипаж мүшесімен 8 наурызға қараған түні радар экранынан жоғалды. Болжам бойынша, жолаушылардың бәрі де қаза болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 маусым 2014, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.