Атырау, 25 қараша 11:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қара металл сынықтарын экспорттауға тыйым салу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылмақ

4 986 просмотра
Қазақстанда қара метал сынықтарын сыртқы шығаруға тыйым салу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылмақ. Бұл туралы бүгін «Astana Mining & Metallurgy» атты V Тау-кен металлургия конгресінің баспасөз мәслихаты барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Кеше металл сынытқтарын өндірушілермен бірге дөңгелек үстел өткіздік. Біз белгілі бір келісімге келдік. Үкімет қара металл сынықтарын сыртқа шығаруға тыйым салу шарасын қабылдады. Бүгінгі күні аталмыш шараны жыл соңына дейін ұзарту жоспарда бар. Қазір қолдағы мүмкіндіктерімізді дамытып жатырмыз. Ол индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығының мақсаты болды, екінші бесжылдықта да маңызын жоймайды. Біздегі өндіріс сапалы металл сынықтарын елімізде қайта өңдеуге мүмкіндік береді», - деді А.Рау.

Оның айтуынша, дайын металл өнімдері айтарлықтай көлемде импортталып жатыр.

«Біз қара металл құбырларының өзін 2 млн тонна көлемінде импорттап жатырмыз. Ал арматура, түрлі бұйымдарды 1 млн тоннаға дейін сырттан әкелеміз. Ол біздің елімізден сыртқа шығып жатқан металл сынықтары екені түсінікті. Сондықтан Металл сынықтарын өндіруші қауымдастық дұрыс бағытты ұстанып отыр. Біз оларды металды қайта өңдеу саласында Үкімет қолдау көрсетуге дайын екендігін айтып, соған қарай бағыт сілтеп жатырмыз», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: bnews.kz

 

13 маусым 2014, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.