Атырау, 1 қазан 09:24
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Букмекерлік кеңседегі қанды төбелес

2 257 просмотра

Құлсары қаласындағы букмекерлік кеңселердің бірінде клиенттер арасында орын алған түсінбеушілік пышақ салумен аяқталды.   

25-26 жастағы екі жігіт спорттық ойындарға ақша тігу кезінде бір-бірімен жанжалдасып қалады. Олардың біреуінің інісі 22 жастағы И. жанжалға араласып, қарсыласын асханалық пышақпен бірнеше рет жарақаттайды. Кейін олардың арасына араша түскен тағы бір клиенттің кеуде тұсынан екі рет пышақ ұрады.    

Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВТЫҢ айтуыша, зардап шеккен екі азамат ауруханаға жеткізіліп, шұғыл операцияның арқасында тірі қалады. Қазір олардың  өміріне алаңдайтын ештеңе жоқ.

Азамат И-дің үстінен ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «а, ж» тармақтары бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») қылмыстық іс қозғалды.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА           

13 маусым 2014, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.