Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап енгізілген зейнетақы жарнасының жаңа түрі - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жарналардың сомасы 6,2 млрд. теңгеден асты. Жыл басынан бері міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 270 000-нан астам шарт жасалды. Енді шамамен 7 мыңға жуығы жасалу үстінде. Олар БЖЗҚ деректер базасына енгізілуде.
Жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде төлейді.
«2014 жылдың 1 сәуірінен бастап «БЖЗҚ» АҚ-нан зейнеткерлік жасқа жеткен салымшылар (алушылар) үшін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының орташа мөлшері 28 620-ға көбейді және 652 080 теңгені құрады (ең төмен зейнетақының 30 еселенген мөлшері). Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін көбейтуге ең төменгі зейнетақы мөлшерін ұлғайту әсер етті. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап бұл көрсеткіш 21 736 теңгеге дейін өсті. Биылғы жылдың басынан 1-маусымға дейін БЗЖҚ тарапынан 31 млрд. теңгеден астам қаржы төленген», - деді Д.Медеушеева.
Қазіргі таңда барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырланды.
Екінші кезең аясында қазіргі уақытта барлық жинақтаушы зейнетақы қорларынан салымшылар туралы тарихи ақпарат пен қағаз және электронды тасымалдауыштағы мұрағаттарды беру бойынша жұмыс жүруде.
БЖЗҚ бұрынғы 5 зейнетақы қорының салымшыларын 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2014 жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта инвестициялық табысы көрсетілген зейнетақы жинақтары туралы мәліметпен қамтитын болады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде БЖЗҚ-ның, салымшылардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметін электронды форматта Мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу бойынша шаралары қабылдануда. Осы бағытта БЖЗҚ министрліктермен, ведомстволармен бірлесе жұмыс жасауда. Болашақта кез келген салымшы өзінің зейнетақы қорының жай-күйі мен инвестициялық табысы жайлы e-gov порталы арқылы немесе кез келген халыққа қызмет көрсету орталығынан білетін болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат