Атырау, 8 желтоқсан 20:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Құтқарушылар бөгеттерді нығайтуда

2 026 рет қаралды

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 15 маусымда сағат 20.00-де Пешной жартыаралының маңында теңіз деңгейінің көтерілуі 128 см болжаммен 109 см құрады. Жанбай ауылында 16 маусымда таңғы сағат 6-да көтерілген су деңгейі 61 см болжаммен 63 см құрады.  

Пешнойдағы батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 6 метрге дейін жетіп, ұйытқыған жел жылдамдығы секундына 4 метрді құрады. 3 611 адамнан және 472 бірлік техникадан тұратын апаттан құтқару қызметтері толықтай әзір.

Атырау қаласы мен Исатай ауданында анағұрлым осал жерлердегі: Атырау қаласының Атырау, Дамбы, Еркінқала ауылдық округтеріндегі Жайық жағасының жалпы ұзындығы 1 800 метр бойында; Атырау қаласының Кеңөзек ауылдық округінде Кеңөзек каналының ұзындығы 300 метр бойында; Жанбай ауылдық округіндегі Каспий теңізінің ұзындығы 2 000 метр жағалау бойында бөгеттерді нығайту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Исатай ауданының Забурын ауылдық округінің Забурын каналының бойындағы ұзындығы 300 метр бөгет нығайтылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 маусым 2014, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.