Еліміз көмірсутек пен уран өндіру бойынша алда келеді. Таяу уақыта саяси сахнада да жетекші орын алып, Еуропа мен Азияны байланыстыратын дәнекер мемлекет болу мақсатымыз бар. Бұған дәлел жуырда келісілген Еуразия экономикалық одақ жайындағы келісім. Астана Еуропалық одақпен де экономикалық, дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтпақ. Осы орайда Франция үлкен қолдау көрсетуде, делінген мақалада.
Еске салсақ, сәрсенбі күні Парижде елімізге «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге ресми түрде рұқсат етілді. Сыртқы істер министрі бұл көрме жаңа технологиялар мен энергетиканы дамытуда елімізді жаңа сатыға көтеретініне сенімді.
"Орталық Азияның басқа елдерінен ерекшелену үшін «стан» жалғауын алып тастау керек деген шуды бұқаралық ақпарат құралдары көтерді. Оған мән берудің қажеті жоқ. Қазақстан «Қазақстан» болып қала береді".
Дереккөз: Астана арнасы