Министрдің пайымынша, Қазақстанда туризм саласы қарқынды дамып келеді, дегенмен онда бірқатар проблемалық мәселелер баршылық. «Бұлар - туризм саласындағы қызметке бағаның жоғарылығы, инфрақұрылым мен сервистің жеткілікті түрде дамымауы, виза мен басқа да шаралардың күрделілігі. Дегенмен, Қазақстанда халықаралық туризм нарығына енудің жоғары перспективалары бар», - деді Ә. Исекешев.
Министрдің сөзіне қарағанда, халықаралық туризм өсімінің үштен екі бөлігі көршілес мемлекеттермен қамтамасыз етіледі. Қазақстан үшін бұл шамамен он миллион туристерді қамтиды және бұған Қытай, Ресей, Таяу Шығыс пен Еуропаны жатқызуға болады.
«Бұл біздің еліміз үшін ықтимал әлеует болып табылады. Сондықтан да, Президенттің Жолдауында Үкіметке туризмді дамытуға жүйелі қадам жасау туралы тапсырма берілген болатын. Біз осыған орай, елімізде туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірледік әрі оны енгізе бастадық», - дейді Ә. Исекешев.
Дереккөз: ҚазАқпарат