Бүгін, 12 маусымда 15 сағат 30 минутта Балықшыда қаржы полициясы, балық қорғау инспекциясы және табиғат қорғау прокуратурасы қызметкерлерінен құралған жедел топ «Нива» көлігін тоқтатып, жүксалғышынан жалпы салмағы 10 келі болатын қара уылдырық салынған 20 пластик банканы тауып алды.
– Біз бұл машинаға жедел ақпарат бойынша шықтық, - деп хабарлады облыстық табиғат қорғау прокурорының орынбасары Асылбек МҰҚАНОВ. – Көлікте тек жүргізуші – 1985 жылы туылған азамат Д. болды. ҚР ҚК-нің 290-бабы («Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер»)бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ
В Атырау +4