Атырау, 25 қараша 11:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Ирактағы түрік дипломаттарының тұтқынға алынғанына алаңдайды

1 164 просмотра
Қазақстан Ирактағы түрік дипломаттарының тұтқынға алынғанына алаңдайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анбар, Дияла, Найнава және Салах-эд-Дин провинцияларындағы шиеленістің ушығуының нәтижесінде бірқатар қалаларды лаңкестік топтардың қарулы түрде басып алуына және сол аймақтың бейбіт тұрғындары арасындағы босқындардың артуына себеп болған Ирактағы жағдайға қатысты алаңдаушылығын білдіреді" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Ирак және Леванта ислам мемлекеті" лаңкестік тобы жауынгерлерінің Мосул қаласында түрік консулдығының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін тұтқынға алғанын қатаң сынаймыз және иран билігін оларды шұғыл түрде босатуға бар күш-жігерін салуға шақырамыз", - дейді.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан лаңкестіктің кез-келген нысаны мен көрінісін қатаң түрде айыптайтынын және әлемдік қауымдастықты түрік дипломаттары мен олардың отбасы мүшелерін босатуға барлық күш-жігерін салуға шақыратынын, сондай-ақ, ешқандай жағдай дипломатиялық өкілдік қызметкерлерін тұтқынға алуды ақтамайтынын тілге тиек еткен. 

Сөз соңында "Ирак Үкіметі мен халқына мемлекет ішіндегі саяси үдерістегі мүдделі тараптардың күштерін біріктіру арқылы ұлттық келісімге жету жолында бейбіт, демократиялық және гүлденген мемлекет құруына қолдауымызды білдіреміз", - делінген.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

13 маусым 2014, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.