Атырау, 27 қараша 06:35
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жөндеу жұмыстарына - 1,5 миллиард

2 437 просмотра

Биыл облыс мектептерін күрделі жөндеуге 1,5 млрд теңгедей бөлінді.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ хабарлады. Осы соманың 90 пайызы республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджеттен бөлінеді. Индер ауданындағы бес мектепті күрделі жөндеуге 347 млн теңге, Исатай ауданындағы төрт мектепке – 322 млн теңге, Құрманғазы ауданындағы он мектепке – 374 млн теңге, Қызылқоға ауданындағы үш мектепке – 224 млн теңге, Махамбет ауданындағы екі мектепке – 197 млн теңге жұмсалмақ. Бұдан басқа, қазір облыс бойынша 300 орындық төрт мектеп салынуда: екеуі Атырауда (қала маңындағы Құрсай поселкесі мен Бірінші учаскеде), сондай-ақ Құлсары қаласы мен Махамбет ауданының Жалғансай ауылында. Бұлардың бәрі 2014 жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, биылғы жыл аяғына дейін 280 орындық жеті балабақша салынбақ: Атырау қаласында төртеу және Жаңа Қаратон, Ганюшкин және Махамбет поселкелерінде бір-бірден.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 маусым 2014, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.