Атырау, 27 қараша 06:48
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тұрғын үй қалашығындағы сабантой

2 103 просмотра

Сенбі күні Жилгородок саябағының жазғы алаңқайында татар мен башқұрт халықтарының жыл сайынғы ұлттық мерекесі – «Сабантой» өтті.

Мереке бағдарламасында татар әжелердің хоры ән шырқап, Татарстаннан келген қонақтар да өз өнерлерін көрсетті. Жергілікті татар және басқа да этно-мәдени орталықтардың әртістері қойылымдар қойды. Ересектер жағы концертті тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татып жатқан кезде, жақын жердегі футбол алаңында жарыстар ұйымдастырылды: қасықпен жүгіру, арқан тартыс, жастықпен ұру сияқты ұлттық ойындар ойналды. Ал ең мықтылары жүлде ілінген биік мұнараға шығып, кір тасын көтеріп сайысты.

Мерекеде Татарстаннан келген сыйлы қонақтар – ТР Мемлекеттік кеңесі төрағасының орынбасары, ТР Журналистер одағының төрағасы Римма РАТНИКОВАҒА және Татарстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Айрат ХАСАНОВҚА құрмет көрсетілді.

- Біз үшін бұл үлкен маңызы бар мереке, - дейдітатар-башқұрт этно-мәдени орталығының төрағасы Гүлсина БАЙКЕНОВА. – Сабантойды тойлау - көне заманнан келе жатқан дәстүр және егін егумен байланысты шыққан. Бұл – жаңа жылда егін бітік шықсын деп аруақтарға ас беруден пайда болған ырым. Біз осы мерекеде түрлі ұлт өкілдерінің көп жиналғанына қуаныштымыз. Тойлаңыздар, көңіл көтеріңіздер, бәрі сіздер үшін жасалған!

Анастасия ПАСТУХОВА

Суртетті түсірген автор

16 маусым 2014, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.