Киіктерді қорғау бағдарламасы аясында жүргізілген шаралардың арқасында олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға көбейді, деп хабарлады Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.
«Біз көктем кезеңінде киіктерге санақ жүргіздік. Оның қорытындысы бойынша бұл тұяқты жануарларды қорғау бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін айта аламыз. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстандағы киіктердің саны 37 пайызға өсті және бүгінгі күні 256 мыңнан асып жығылады», - деді министр ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қаппаровтың сөзіне қарағанда, 2004-2005 жылдары аралығында еліміздегі киіктердің саны 30 мың басқа дейін азайып кеткен болатын.
«Біз барынша байыпты қорғау шараларын жүргізіп, браконьерлікпен күресудеміз. Сонымен қатар Қазақстанның және басқа да елдердің үкіметтік емес ұйымдары тарабынан көптеген көмек те болды. Мамандардың айтуынша, таяу 5-10 жылдың ішінде Қазақстандағы киіктер саны жарты миллионға жетуі мүмкін. Белгілі бір уақытта олардың саны нақты межеге жеткеннен кейін олардың өнімін нарыққа да шығаруға болады», - деді Н.Қаппаров.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.