Атырау, 24 желтоқсан 04:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оқиға

Есболдағы «рейд»: Полицейлер бес жылға сотталды Оқиға

Есболдағы «рейд»: Полицейлер бес жылға сотталды

Индер аудандық соты екі полиция қызметкеріне бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. Естеріңізге салсақ, полиция қызметкерлері - 31 жастағы Асылхан НЫСАНОВ пен 23 жастағы Наурызбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВҚА Есбол ауылының тұрғындарына қарсы арнайы құралдарды заңсыз қолданды деген айып тағылған еді. Толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыз. 16 шілде 2020, 15:02 7 649 рет қаралды
Полиция Атыраудағы алғаш коронавирус жұқтырғандардың деректерін жариялаған адамды әлі іздестіруде​ Оқиға

Полиция Атыраудағы алғаш коронавирус жұқтырғандардың деректерін жариялаған адамды әлі іздестіруде​

Атырау облыстық полиция департаменті коронавирус туралы жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тоқтатты. Бірақ полицейлер Атырауда алғаш ауырған науқастардың жеке деректерін әлеуметтік желіге «жариялаған» адамды әлі де іздестіруде. 6 шілде 2020, 12:50 5 002 рет қаралды
Еден жуып, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты Оқиға

Еден жуып, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан Р. есімді азамат тәртібі мен еңбегі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.  4 шілде 2020, 12:20 4 532 рет қаралды
Іс тоқтатылды, бірақ итті қорлаушы кешірім сұрады Оқиға

Іс тоқтатылды, бірақ итті қорлаушы кешірім сұрады

Атырау облысының полиция департаменті итті тоңазытқыш есігімен тұншықтырып қорлаған Еркінқала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы жантүршігерлік көріністер көпшіліктің наразылығын тудырды. Көп кешікпей итке қорлық көрсеткен адам сол желі арқылы жұрттан кешірім сұрады. 3 шілде 2020, 11:11 3 910 рет қаралды
Дәріханаға түскен ұры памперсті де ұмытпады Оқиға

Дәріханаға түскен ұры памперсті де ұмытпады

27 жастағы Атырау қаласының тұрғыны Азаттық даңғылындағы дәріханалардың бірін тонады. Ол түнде пластик терезені ығыстырып, ішке кіріп, ноутбукты, түрлі дәрі-дәрмектер (олардың арасында ыстық түсіретін дәрінің бар-жоғы айтылмады) мен памперстерді қолды қылған. 2 шілде 2020, 13:11 3 314 рет қаралды
ТКШ бөліміндегі жемқорлық Оқиға

ТКШ бөліміндегі жемқорлық

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Махамбет аудандық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшылығына қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады. Бейнежазба 27 маусым 2020, 12:23 4 302 рет қаралды
Атырауда браконьерлікпен бас күресуші ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде Оқиға

Атырауда браконьерлікпен бас күресуші ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде

«АЖ» мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысының ПД балық қорларына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жөніндегі бөлім (су полициясының) басшысын ұстады. Ол ЖШС-нің бірінің өкілінен 1 500 000 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 27 маусым 2020, 13:18 4 921 рет қаралды
Бюджетте «бекер» отырмаған Оқиға

Бюджетте «бекер» отырмаған

Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Махамбет аудандық құрылыс бөліміндегі лауазымды тұлғалардың аудан ауылдарына электр жүргізу жұмыстарын бюджеттен уақытылы және кідіріссіз төлеу үшін мердігерлерден жүйелі түрде пара алып отырғанын анықтады. 27 маусым 2020, 13:46 4 106 рет қаралды
Ғаламтордағы «батпан құйрыққа» сенбеңіз Оқиға

Ғаламтордағы «батпан құйрыққа» сенбеңіз

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Атырау облысында 500-ден астам алаяқтық фактісі тіркелген, оның жартысынан көбі Интернет арқылы жасалған. Департамент басшысының орынбасары Болат КӨШҚАЛИЕВ атап өткендей, былтырғы жылмен салыстырғанда онлайн-алаяқтық саны 62,7 пайызға артқан. 19 маусым 2020, 17:03 3 710 рет қаралды
Бас прокурор Жоғарғы соттан Рысқалиевтардың жеке мүліктерін қайтарып беруді сұрады Оқиға

Бас прокурор Жоғарғы соттан Рысқалиевтардың жеке мүліктерін қайтарып беруді сұрады

Мамыр айының соңында ҚР Бас Прокуроры Ғизат НҰРДӘУЛЕТОВ ҚР Жоғарғы Сотына Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен оның інісі Аманжанның мүлкін тәркілеуге қатысты үкімді қайта қарау туралы кассациялық шағым берді. Толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыз. 14 маусым 2020, 14:38 7 313 рет қаралды
Футболға бөлінген ақша қайда кетті? Оқиға

Футболға бөлінген ақша қайда кетті?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Атырау кәсіби спорт клубы» қоғамдық қорының лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы ("Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.  13 маусым 2020, 21:35 3 894 рет қаралды
Нәрестенің өлімі туралы іс: сот процесі көшпелі түрде өтті Оқиға

Нәрестенің өлімі туралы іс: сот процесі көшпелі түрде өтті

9 маусымда таңертең сот процесі жалғасты. Айыптаудың негізгі тармағы - өткен жылдың 29 қыркүйегінде облыстық перинаталды орталықта жаңа туған нәрестені өлтіру. Түрлі жағдайларға байланысты, бұл жолы таңертеңгі отырыс тергеу изоляторының ғимаратында көшпелі түрде өтті, сондықтан журналистер оған қатыса алмады. Кейін белгілі болғандай, ол жерде прокурорлар айыптау қорытындысын оқып болған. Түстен кейін сот отырысы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында жалғасты. Енді жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алу басталды. 10 маусым 2020, 10:29 3 663 рет қаралды
Көліктік бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп күдіктелуде Оқиға

Көліктік бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп күдіктелуде

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мәліметіне сәйкес, облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 2 бөлігімен («Айтарлықтай мөлшерде пара алу») сотқа дейінгі тергеу басталды. 5 маусым 2020, 15:24 4 171 рет қаралды
​Тоңазытқыштағы нәресте өлімі туралы іс: екі сотталушы сот процесіне бетпе-бет  қатысуды талап етті Оқиға

​Тоңазытқыштағы нәресте өлімі туралы іс: екі сотталушы сот процесіне бетпе-бет қатысуды талап етті

4 маусымға белгіленген облыстық перинаталдық орталығындағы нәрестені өлтіру туралы іс бойынша кезекті сот отырысы ақыры өткен жоқ. Тергеу изоляторларындағы сотталушылар бейнебайланыс арқылы процеске қатысудан бас тартып отыр. 5 маусым 2020, 17:39 4 232 рет қаралды
​Атырауда СИЗО бақылаушысы «шабарман» болып ақша тапқан Оқиға

​Атырауда СИЗО бақылаушысы «шабарман» болып ақша тапқан

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел тобының қызметкерлері тергелушіге «шабарман» болып жүрген тергеу изоляторының бақылаушысын ұстады. 29 мамыр 2020, 23:34 7 019 рет қаралды
Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары бір бума ақшамен ұсталды Оқиға

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары бір бума ақшамен ұсталды

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әлеуметтік желісіне Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарларының бірінің ұсталғаны туралы бейнежазба жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жергілікті қызметкерлері әкім орынбасарының жұмыс кеңсесіндегі сейфінен бір мың теңгелік қағаз ақшаның бір бумасын алып шығады. Ол кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан, сонымен қатар пара алды деген күдікке ілініп отыр. Бейнежазба 14 мамыр 2020, 22:24 10 933 рет қаралды
Полиция қызметкерлерінің әшкере болған әрекеттері Оқиға

Полиция қызметкерлерінің әшкере болған әрекеттері

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінде кеңес өтті. Онда үкімі шыққан және әлі де тергеліп жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер талқыланды. 1 мамыр 2020, 11:41 6 351 рет қаралды
«Бекіре-2020»: заң бұзушылық азаймай тұр Оқиға

«Бекіре-2020»: заң бұзушылық азаймай тұр

Кең ауқымды «Бекіре-2020» балық қорғау акциясының алғашқы 15 күнгі қорытындысы шығарылды. Табиғат қорғау органдары мен шекара қызметінің қызметкерлері 254 заң бұзушылықты анықтады, оның ішінде 215-і Атырау облысында, 19-ы Маңғыстау облысында және 20-сы БҚО-да. Негізінен біздің өңір туралы айтылады. 18 сәуір 2020, 16:00 4 085 рет қаралды
Мүгедек балаларды ұрып-соғу ісі сотқа жетті Оқиға

Мүгедек балаларды ұрып-соғу ісі сотқа жетті

Атыраудағы психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешілеріне қатысты қылмыстық істі қосымша тергеу аяқталды. Алайда оның сотта қаралатын күні белгісіз. Әзірге облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, тергеу басқармасының бастығы, оның орынбасары және анықтаушыларға қатысты тәртіптік іс қозғалды. 18 сәуір 2020, 17:44 4 441 рет қаралды
Сенаторлар істің қысқартылғанына наразы Оқиға

Сенаторлар істің қысқартылғанына наразы

Атырау облыстық полиция департаменті №3 Арнайы әлеуметтік көмек көрсететін орталықта тәрбиеленетін мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиешілерге қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұл жағдай Қазақстан сенаторларының ашуын туғызды. Толығырақ – «АЖ» материалында. 13 наурыз 2020, 10:38 3 379 рет қаралды
Ломбард директоры түрмеде отырып ақша алғысы келген Оқиға

Ломбард директоры түрмеде отырып ақша алғысы келген

Атырау тергеу изоляторының (УГ-157/1) сәлем-саухат қабылдау бөлмесінде «ломбард» ісі бойынша қамауға алынған 24 жасар тергелушіге үйінен әкелінген шалбардың артқы қалтасынан 45500 теңге табылып тәркіленді. Сурет 10 наурыз 2020, 15:20 5 858 рет қаралды
Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған Оқиға

Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы білім беру саласында бюджет қаржысын ұрлау фактілетін анықтады. Өткен жылы жүргізілген аудит нәтижесінде 200 миллион теңгеге жеткен әртүрлі қаржылық бұзушылықтар орын алған. Оның ішінде тексерушілер бюджет қаржысын ұрлаған екі мектептің есепшісін тапты. Жақында соның біріне ҚР ҚК 189 бабы 3 бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сот үкімін шығарды.  3 наурыз 2020, 23:42 5 397 рет қаралды