Атырау, 16 қаңтар 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Іс тоқтатылды, бірақ итті қорлаушы кешірім сұрады

3 744 просмотра

Атырау облысының полиция департаменті итті тоңазытқыш есігімен тұншықтырып қорлаған Еркінқала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы жантүршігерлік көріністер көпшіліктің наразылығын тудырды. Көп кешікпей итке қорлық көрсеткен адам сол желі арқылы жұрттан кешірім сұрады.

- 3 маусымда ветеринарлық емхана иттің дене жарақаты жоқ деген қорытынды шығарды. Екінші сараптама тағайындалып, 5 маусымда ол да сондай қорытынды жасады, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. – Осының негізінде ҚР ҚПК 35-бабына сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды.

Жыл басынан бері Атырау облысында ҚР ҚК 316-бабы бойынша («Жануарларға қатыгездік жасау») 7 қылмыстық іс қозғалды.

Фархат ӘБІЛОВ

3 шілде 2020, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.