Атырау, 25 сәуір 00:09
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Кей адамдар иттен бетер

Толықтырылды Бейнежазба
3 578 просмотра

Әлеуметтік желіде Атырауда жануарларға қатыгездік көрсеткен бейнежазба тарады. Байқалғандай, бұл оқиғалар Береке ықшамауданы мен Еркінқала ауылында орын алған.

Берекеде екі ер адам көлікпен жүріп, аула иттерін атып жүр. Алдымен иттерді шақырып, олар жақындаған бойда атып жібергені анық көрінеді. Итті қорлап жатқан екінші бейнежазба бойынша бұл  Еркінқала ауылы деп жазды. Ол жерде ер адам, қожайынына бағынбаған итті қылғындырып жатқаны бейнеленген. Оны бейнежазбаға түсіріп тұрған екінші адам алдымен қалжыңдап не істеп жатқанын сұраса, кейін иттің басын тоңазытқыштың ішіне салып, тұншықтықтыра бастағанда бұл әрекетін тоқтатуды өтінді.

Полиция департаментінде бұл оқиғаларды растап, түсірілімдегі адамдар анықталып, тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің 1 маусымдағы хабарламасы бойынша,  итті мылтықпен атып жүрген бірінші оқиға 30 мамырда «Береке» ықшамауданында болған. Ал екіншісі – итті тоңазытқыштың ішіне басын тығып қылғындырған жағдай 31 мамыр күні қала маңындағы Еркінқала ауылында орын алғаны анықталды.

Күдікті азаматтар анықталып, қамауға алынды. Екі оқиға бойынша ҚР ҚК 316 бабымен («Жануарға қатыгездік жасау») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

Айнұр САПАРОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

1 маусым 2020, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.