Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері өңірімізде заңсыз есірткі бизнесіне байланысты 50-ден астам қылмыс тіркелген. 1500 келі түрлі есірткі тәркіленді.
Қылмыскерлер сатудың әртүрлі әдістерін қолданады. Мысалы, интернеттегі кейбір «жұмыс берушілер» қалада синтетикалық есірткіні жеткізу үшін курьер болуды ұсынады.
- Жыл басынан бері есірткіні осылай сатқан Атырау қаласының 5 тұрғыны ұсталды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Бүгінде кейбір жастар «дәріханалық нашақорлыққа» шалдыққан. Қатты әсер ететін, ауруды басатын дәрі-дәрмектерге тәуелді болады. Бұл дәрі-дәрмектер тек рецепт бойынша сатылса да, бәрібір нашақорлардың қолына түседі. Жақында полицейлер осындай дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқан екі тұрғынды ұстады.
- Полицейлер тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп рейд ұйымдастырады. Нәтижесінде бірнеше дәріхана басшылары айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шамамен 1000-ға жуық дәрі-дәрмек заңсыз айналымнан алынды, - деп хабарлады ДП.
Фархат ӘБІЛОВ