Сұрақ-жауап Жәрдемақы ала алады – Мен ІІ топ мүгедегі ретінде жәрдемақы аламын. Бұдан басқа, 7 жасар баламды бір өзім тәрбиелеп келемін. Әдетте тоқсанда бір рет тағы бала жәрдемақысын алатын едім, осы тоқсанда бұл жәрдемақыны беруден бас тартты. Неліктен? 10 наурыз 2016, 00:00 3 036 рет қаралды
Сұрақ-жауап Пәтер ме, жер телімі ме? – 2004 жылы жер телімін алуға құжаттар тапсырдым, ал бірнеше жылдан соң пәтер алу кезегіне тұрдым. Жақында маған пәтер мен жер телімін қатар алуға болмайтынын, кезектің бірінен бас тартуға тура келетінін айтқан еді. Осы дұрыс па? 10 наурыз 2016, 00:00 3 901 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жұмысы алыс ерте тұрады – Мен қала сыртында 15/15 күндік вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Бірақ күн сайын кешке үйіме келемін. Жұмыс күні сағат 7.00-де басталып, сағат 19.00-ге дейін жалғасады. Жұмысқа уақытында жету үшін қызмет көлігі мені сағат 5.30-да алып кетеді. Үйімнен жұмысыма дейінгі жолға кететін сағатқа төлемақы алуға құқылымын ба? 3 наурыз 2016, 00:00 2 677 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заңдастыруға жатпайды – Жер телімі мен үйді қалай заңдастыра аламын? Мен ауылшаруашылығы мақсатындағы өзіме тиесілі жер теліміне үй салған едім. 3 наурыз 2016, 00:00 2 772 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көлікжайдың тағдыры – Мен тұратын көпқабатты үйдің артындағы қараусыз жер теліміне салынған көлікжайды қалай заңдастыруға болады? 3 наурыз 2016, 00:00 2 706 рет қаралды
Сұрақ-жауап Төлқұжат Ақтөбеден алынады - Мен 2016 жылдың 11 қаңтарында төлқұжат пен жеке бас куәлігімді қайта шығартуға өтініш берген едім. Заңда жазылған күнтізбелік 30 күннен асты, бірақ менің құжаттарым әлі дайын емес. ХҚКО-дағылар 8 желтоқсанда өтінім бергендердің құжаттарды енді ғана алып жатқанын айтады. Адамдар құжаттарын қайта ресімдеуге берген кезде оларды дер кезінде алуға үміттенеді. Кешіктірілгендігі үшін кім жауап береді? Өз құжатымды кімнен талап ете аламын? 3 наурыз 2016, 00:00 2 422 рет қаралды
Сұрақ-жауап Лоджия үшін төлемақы алынбайды – Біздің үйді жылумен қамтуды ПИК автономды қазандықтың көмегімен жүзеге асырады. Жақында ПИК-тің лоджияны қосқанда, жалпы алаң бойынша жылу үшін төлемақы алатындығын байқадым. Алайда лоджия алаңы жылытылмайды. Пайдалану қызметі үшін шоттарды да жалпы алаң бойынша алады. Мұның қаншалықты заңды екенін білгім келеді. 3 наурыз 2016, 00:00 2 529 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жұмыс табуға жәрдемдеседі - 2015 жылдың желтоқсанында ХҚКО жұмыссыз ретінде тіркелдім, оның бер жағында үш айдай уақыт өтті. Бірақ жұмыстың реті жоқ. ХҚКО-на барсам, жұмыс жоқтығын айтады, ал, арнайы курстарға жазылу мамырда басталады екен. Жұмыс тапқанша әлеуметтік төлемақы алуыма бола ма? Ол үшін қайда барамын, қандай құжат жинаймын? 3 наурыз 2016, 00:00 3 051 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ақша емес, екі қолға бір күрек береді - Жақында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға төленетін әлеуметтік жәрдемақы төлеу процесіне өзгерістер енгізіледі деп хабарланған еді. Ол қандай өзгерістер екен? 18 ақпан 2016, 00:00 4 006 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мұқтаж жандарға ғана төленеді - Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына көрсетілетін қандай әлеуметтік қолдау түрлері бар? 18 ақпан 2016, 00:00 2 652 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әлі де күтуге тура келеді - Біз Николай Неверев (бұрынғы Огородная) көшесінде тұрамыз. Біздің көшедегі №1 үй мен №20 үйдің аралығына асфальт төселмеді. Жауын-шашын кезінде біздің көшеміз суға толып, ми батпаққа айналады. Қалалық әкімдікке бірнеше рет шағымдандық, алайда еш нәтиже жоқ. Көшемізге өркениет игілігі қашан жетеді? 18 ақпан 2016, 00:00 3 024 рет қаралды
Сұрақ-жауап Асфальттан үмітіміз бар – Водников-2 поселке-сінің көшелерін қашан асфальттамақшы? Балаларға мектепке жету қиын. Машиналарды трасса жиегіне қалдырып, жарты шақырымдай жер балшық кешіп, үйге жетуге тура келеді. Қай жерде де сол көрініс – ата-аналар кішкентай балаларын көтеріп, жығылып қалмауға тырысып, тайғанақ балшықты кешіп бара жатады. 18 ақпан 2016, 00:00 2 493 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мүгедек жандарға арналған көмек - Қазақстанда мүгедектерді қорғайтын қандай заң бар? Сол заңға сәйкес мүгедектер мемлекет тарапынан қандай көмек ала алады? Олар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған? 18 ақпан 2016, 00:00 9 498 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жастарға арналған баспана - Жолдасымыз екеуміздің жасымыз 21-де, баламыз бар. «Жас Отау» бағдарламасы бойынша облысымызда жас отбасыларға үй тапсырудың қашан жүзеге асатынын білгіміз келеді. Аталған бағдарлама бойынша үй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар жинақтау керек? 11 ақпан 2016, 00:00 4 126 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақы жұмыс өтіліне байланысты – Әкем 2016 жылы қыркүйекте зейнеткерлік жасқа жетеді, алайда бес жыл бұрын ол қысқартуға іліккен еді, содан бері еш жерде жұмыс жасамады. Ал, анам, керісінше, балаларын туғаннан кейін еш жерде жұмыс жасамаған. Әкем қысқартуға ұшырағаннан кейін жұмысқа шығуға мәжбүр болды. Ол тек мектеп бітіргеннен кейін тұрмысқа шыққанша жұмыс істеген. 12 жылдық өтілі бар. Оған зейнетақы қалай есептеледі? 11 ақпан 2016, 00:00 3 925 рет қаралды
Сұрақ-жауап 9% баршаға тиесілі емес – 14 қаңтарда мен жас ерекшелігіне байланысты зейнетақыны ресімдеуді бастадым. Мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығындағылар маған ағымдағы жылы тоғыз пайызға көтерілетін зейнетақы тиесілі емес екенін хабарлады. Неліктен? 11 ақпан 2016, 00:00 3 059 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әлі де күтіңіз – 2013 жылы қала әкімінің орынбасары «Каспийшельф» АҚ мұнайы базасының маңында орналасқан Көкарна ауылындағы көшелерді асфальттау 2014 жылдың жоспарында қарастырылған деп хабарлаған еді. Содан бері үш жыл өтті, ал жол әлі асфальтталған жоқ. Үлкен тұрғын үй массивінде жолсыз өте қиын. Балаларға үйден мектепке дейін тізеден балшық кешіп бару оңай емес, ал жаңбырлы ауа-райында үйден шығу проблемаға айналады. Көшелерімізді асфальттау проблемасы шешілгенін қалаймыз. 11 ақпан 2016, 00:00 2 353 рет қаралды
Сұрақ-жауап Су аз жүреді – Мен Привокзальный, 3 ықшамаудан, 53А-үйде тұрамын. Түн болғанда суық суды ажыратып тастайтынын байқап жүрмін. Бұған не себеп екенін білгім келеді. 28 қаңтар 2016, 00:00 2 593 рет қаралды
Сұрақ-жауап ПИК-ке қандай шара бар? – Біздің ПИК шатырды жөндеуге ақша жинады, бірақ оны дұрыс жасамаған. Шифер шұрқ-тесік. Көп жылдан бері алғаш рет төбемізде көгерген жерлер пайда болды. ПИК-ке шағымданғанымызбен, түк шықпады. Енді ПИК-ті жауапкершілікке шақырғым келеді. Шағымдар мен арыздарды қайда жазу керек? 28 қаңтар 2016, 00:00 2 763 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әділдік іздейміз – Жұбайым Сергей Лифанов көп жыл бойы мүгедектер қоғамының мүшесі, жыл сайынғы жарналарды төлеп тұрады. Қоғамдық бірлестіктің өз ақшалары жоқ және ол демеушілер есебінен өмір сүреді. Демеушілердің көмегі әділдік принципі бойынша жұмсалатынына күмәндімін. Тиісті органдардың қоғам қызметін тексеруі үшін қайда шағым жаза аламын? 28 қаңтар 2016, 00:00 2 531 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жылу жоқ – Азаттық, 67А мекенжайында тұратын жақын танысым Власова Динара Нұриқызының пәтерінде жылу жоқ. Қайда шағымдансақ та, ештеңе өзгермеді. 28 қаңтар 2016, 00:00 2 193 рет қаралды
Сұрақ-жауап Міне, жаңа бұрылыс – Геолог поселкесі бағытындағы жолдарды кеңейткеннен кейін Атырау – Доссор тас жолындағы бөлу сызығын не себепті тұтас сызған? Осылайша, тас жолдан Мұнайшы ықшамауданына бұрылу мүмкін болмай қалды. Бұл ықшамаудан тұрғындарына көп қолайсыздық туғызады. Тас жолдың бойымен әрірек жүріп, Контейнерный көшесімен қиылыстан бұрылыс жасау керек. Ал бұл жерде Геолог пен Қарабатан жақтан машиналар көп жүреді. 21 қаңтар 2016, 00:00 2 745 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кезекпен беріледі – Әкем қалалық мүгедектер қоғамының мүшесі. Алайда неше жылдан бері қоғамнан ешқандай көмек алмайды. Бірақ ірі компаниялар мерекелерге орай ақшалай және азық-түлікпен көмектесіп, мүгедектерге үнемі қолдау көрсетіп отырады деп естідім. Әкем жарналарды тұрақты төлеп тұрады. Мүгедектерге қандай принцип бойынша көмек көрсетіледі? 21 қаңтар 2016, 00:00 2 422 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күреліп, көшірілу керек – 2014 жылдың сәуірінде Атырау қаласында 2014-2020 жылдары жатақханаларды, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жөніндегі облыстық бағдарлама бекітілді. Осы құжатқа байланысты біздің жатақхана 2015 жылы күрелуі тиіс болды. Бірақ күрелмеді. 2016 жылы не күтуге болады? 21 қаңтар 2016, 00:00 3 376 рет қаралды
Сұрақ-жауап Баршаға арналған БКМ – Желтоқсанда Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағында онлайн-мәліметтер тарату қызметі бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдануға қатысты өткен жиналыста өз сатылымдарын онлайн-режимде тіркеуге міндетті кәсіпорындардың тізімі әлі бекітілмегендігі хабарлаған еді. Бұл тізім бекітілді ме және оған сұлулық салондары кіре ме? 21 қаңтар 2016, 00:00 2 394 рет қаралды
Сұрақ-жауап Болмаған оқиға - 17 желтоқсанда мені Аққыстау АІІБ-не шақырып, полиция қызметкерлері маған қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзды деген хабарлама келіп түскенін айтты. Олардың айтуынша, мен 8 қараша күні сағат 6-32-де Құлсары қаласында өзімнің Газель автокөлігіммен темір жол өткелінің шлагбаумы түсіп тұрғанына қарамай, айналып өтіппін. Алайда, бұлай болуы мүмкін емес, өйткені, мен осы күні үйде болдым және Аққыстау ауылынан шыққан жоқпын. Полиция қызметкерлері осы жол қозғалысы ережесінің бұзылуын түсірген бейнежазбаны көрсетуден бас тартты. Менің айтқан барлық уәждеріме қарамастан олар хаттама толтырып, осының негізінде мен 19 800 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуім керек. Бұл жағдайда не істеуім қажет? 31 желтоқсан 2015, 00:00 3 577 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ең бастысы - қауіпсіздік - Мереке күндері қалалық білім бөлімінің бұйрығымен қаланың оқу орындарында (мектептер мен балабақшаларда) қызметкерлер кезекшілігі ұйымдастырылады. Осы уақытта штаттағы күзетші де өз жұмысын атқарады. Бұл кезекшіліктерді не үшін ұйымдастырады? Мереке күндері жұмыста осындай кезекшілікте отырған уақыт төленбейді? 31 желтоқсан 2015, 00:00 4 130 рет қаралды
Сұрақ-жауап Таңдаулылар тұратын тұрақ - Привокзальный ықшамауданындағы 3-емхананың алдында үлкен көлік тұрағы бар, алайда оған кіретін жол шлагбауммен жабулы тұрды, көлігімді жол бойына тастап кетуге мәжбүр болдым. Шалшық су, балшық болса да, бала жетектеген ересек адамдар көліктерін жолдың арғы жағына қойып, жаяу келуге мәжбүр. Алайда кең көлік тұрағының аумағы жартылай бос тұрады, бұл жерге тек қызметкерлер өз көліктерін қояды. Мекеме басшылығынан неге шлагбаум қойып, келген адамдарды неге кіргізбейтінін сұрағым келеді. 31 желтоқсан 2015, 00:00 2 578 рет қаралды
Сұрақ-жауап Біржолғы материалдық көмек туралы - Мені эпилепсиямен ауыратын 15 жастағы мүгедек балам Бекмұрат Қалбайға берілетін біржолғы материалдық көмек мөлшерінің жылдан-жылға азайып бара жатқандығы алаңдатады. Өткен жылы біржолғы материалдық көмек ретінде 30 000 теңге алсам, биыл 15 000 теңге ғана берілді. Бұл ақша баламды Алматыдағы «Ақсай» балалар клиникасында ем алуға апаруыма мүлдем жетпей қалды. Жылына бір рет берілетін материалдық көмекті жыл сайын шу шығарып, айлап жүріп әзер аламын. Тіпті, өткен жылы тиесілі ақшамды прокуратураның араласуымен алдым. 17 желтоқсан 2015, 00:00 7 346 рет қаралды
Сұрақ-жауап Куәлікті АХАТ береді - Мен 1985-1990 жылдар аралығында Семей ет-сүт өнеркәсібі институтында оқыдым. Бүгінгі күні Атырау қаласында тұрып жатырмын. Таяуда сол жылдары Семейде бірге оқыған тараздық курстасым Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азамат ретінде жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік алды. Досымның айтуынша, ол бұл куәлікке ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы №110 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» қаулысы негізінде қол жеткізген. Сол жылдарда Семейде оқығандықтан ондай құжат маған да тиесілі ме? 17 желтоқсан 2015, 00:00 3 484 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жоғалған адамның мұрасы – Менің азаматтық некедегі күйеуім 5 жылдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Біздің ортақ баламыз бар, ол әке деп танылды. Балам оның фамилиясын алды. Күйеуімнің мүлкі – екі пәтері бар. Бір пәтерде менің жоғалып кеткен күйеуімнің қызы отбасымен, ал екіншісінде оның алыс туыстары тұрады. Бірінші пәтер сату-сатып алу келісімшарты бойынша баламның әкесіне, екіншісі жекешелендіру туралы келісімшарт бойынша оған және оның бірінші некедегі балаларына (ұлы мен қызына) тиесілі. Мен баламның мүліктік үлесін алғым келеді, бірақ оның үлкен балалары мүлікті бөлуге қарсы, мұндай жағдайда қалай әрекет еткен жөн? 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 895 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көлік орны үшін күрес – Жақында Saray Lounge мейрамханасының әкімшілігі «Мейрамханаға келушілерге арналған көлік қоятын орын» деген жол белгісін орнатып, өздеріне осылайша орын иемденіп алыпты. Азаттық даңғылында бұрынғы Петровский зауытының маңында көлік тұратын жерге қатысты үнемі проблемалар болатын. Енді ол жермен өту тіптен қиындап кетті. Мейрамхана әкімшілігінің әрекеті қаншалықты заңды? 3 желтоқсан 2015, 00:00 2 398 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мұғалімдер тапшы – №17 мектеп-лицейдің 2 «Е» сыныбының сынып жетекшісі жоқ. Өткен жылы бір оқытушы болды, жыл басында басқасы келді. Содан кейін бұл мұғалім кетіп қалды, ал балалардың сабағын әлі күнге дейін әртүрлі мұғалімдер өткізеді. Олар өз кестесі бойынша азды-көпті бос. Оқушылардың ата-аналары әлі күнге дейін бірінші тоқсан үшін өз балаларының бағаларын біле алмай келеді. 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 142 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бірінші сынып проблемасы –№3 мектеп-гимназиясында бастауыш мектепке арналған оқу кабинеттері жетіспейді. Бірінші сыныптардың бірінде оқитын балалардың ата-аналарынан ақша жинап, мектеп дәлізінен кабинет жарақтау ұсынылыпты. Қазір бірнеше бірінші сынып жоғарғы звено жақта оқуда. Бұл бірінші сыныптықтар үшін өте қолайсыз әрі қауіпті. Таяу уақытта №3 мектептің жүгіне қатысты проблема шешілер ме екен? 3 желтоқсан 2015, 00:00 5 048 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бағдаршам керек - Күн сайын біз Нұрсая ықшамауданына қарай Әбілқайыр хан даңғылына өтуге және шығуға қатысты проблемаларға тап боламыз. Осы жерде үнемі көлік апаттары орын алады. Аталмыш қиылысқа бағдаршам қашан орнатылады? Әкімшілік полиция аталмыш қиылыстың артындағы даңғылда орналасқан жылдамдық өлшегішті қала орталығы бағытына шамамен жиырма метрдей жерге ауыстыруды қарастыра ма? 3 желтоқсан 2015, 00:00 2 363 рет қаралды