Атырау, 26 желтоқсан 01:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​Лоджия үшін төлемақы алынбайды

2 345 просмотра

– Біздің үйді жылумен қамтуды ПИК автономды қазандықтың көмегімен жүзеге асырады. Жақында ПИК-тің лоджияны қосқанда, жалпы алаң бойынша жылу үшін төлемақы алатындығын байқадым. Алайда лоджия алаңы жылытылмайды. Пайдалану қызметі үшін шоттарды да жалпы алаң бойынша алады. Мұның қаншалықты заңды екенін білгім келеді.

Сандуғаш

Сұраққа Атырау қ. ПИК қауымдастығының төрағасы Гүлнәр САЛИХОВА жауап берді:

– Лоджия, веранда, терраса тұрғын бөлмемен біріктірілмесе және жылытылмаса, пайдалану шығындарының төлемақысына қосылмайды («Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 2-тармағының 33, 34, 35, 36, 37-тармақшалары). Егер лоджия жылытылмаса, бірақ ол үшін төлемақы алынатын болса, ПИК мамандарын шақыртып, лоджияда жылыту радиаторлары жоқ екендігі туралы акт толтыру керек.

3 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.