Атырау, 26 желтоқсан 01:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Зейнетақы жұмыс өтіліне байланысты

3 779 просмотра

– Әкем 2016 жылы қыркүйекте зейнеткерлік жасқа жетеді, алайда бес жыл бұрын ол қысқартуға іліккен еді, содан бері еш жерде жұмыс жасамады. Ал, анам, керісінше, балаларын туғаннан кейін еш жерде жұмыс жасамаған. Әкем қысқартуға ұшырағаннан кейін жұмысқа шығуға мәжбүр болды. Ол тек мектеп бітіргеннен кейін тұрмысқа шыққанша жұмыс істеген. 12 жылдық өтілі бар. Оған зейнетақы қалай есептеледі?

Сұраққа бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА жауап берді:

– Зейнетақы төлемдерінің мөлшері жұмыс өтіліне және алған еңбекақысына байланысты болады. Қазақстанда зейнеткерлік жас ер адамдарда 63 жасты, әйелдерде 58 жасты құрайды. Қазақстанда зейнетақы есептеу үшін қажетті еңбек өтілі ерлер үшін 25 жылдан кем болмауы, ал, әйелдер үшін 20 жылдан кем болмауы керек. Қажетті еңбек өтілі болмаған кезде жас ерекшелігі бойынша берілетін зейнетақы төлемдерi толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.

Қазақстанда бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда, төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде бес жыл тұрған азаматтардың жеңілдікпен төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Ерлерге – 50 жасқа толғанда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде 25 жыл еңбек өтілі болған кезде; әйелдерге – 45 жасқа толғанда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде 20 жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн есептеу кезiнде мыналар есепке алынады: еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс, әскери қызмет, құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттiк қызмет, кәсіпкерлік қызмет, жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала үш жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт, ҚР аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ, рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу және т.б.

11 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.