Атырау, 26 желтоқсан 01:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​Жәрдемақы ала алады

2 878 просмотра

– Мен ІІ топ мүгедегі ретінде жәрдемақы аламын. Бұдан басқа, 7 жасар баламды бір өзім тәрбиелеп келемін. Әдетте тоқсанда бір рет тағы бала жәрдемақысын алатын едім, осы тоқсанда бұл жәрдемақыны беруден бас тартты. Неліктен?

Инга Багаутдинова

Сұраққа қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің маманы Айсұлу ЛҰҚПАНОВА жауап берді:

– Бұл әйел ай сайын мүгедектегі бойынша жәрдемақы және тоқсан сайын бір рет 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған тұлғаларға арналған мемлекеттік балалар жәрдемақысын алады. Жәрдемақыны беру туралы мәселе қарастырылған кезде өткен тоқсан ішіндегі кірістер ескеріледі. Ал өткен тоқсанда (2015 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айлары) әйел мүгедектегі бойынша жәрдемақы, қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен материалдық көмек ретінде 30 мың теңге және мемлекеттен әлеуметтік төлемдер алған. Нәтижесінде оның жеке кірісі 19 430 теңгені құрады, бұл 12 491 теңге азық-түлік себетінің мөлшерінен көп. Осыған байланысты біз оған мемлекеттік балалар жәрдемақысын төлей алмадық. Бірақ ол егер оның кіріс сомасы азық-түлік себетінің мөлшерінен аспаса, жаңа тоқсанда жәрдемақы алуға өтініш бере алады. Оған ақшалай жәрдемақы төленетін болады.

10 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.