Атырау, 26 желтоқсан 01:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​ПИК-ке қандай шара бар?

2 598 просмотра

– Біздің ПИК шатырды жөндеуге ақша жинады, бірақ оны дұрыс жасамаған. Шифер шұрқ-тесік. Көп жылдан бері алғаш рет төбемізде көгерген жерлер пайда болды. ПИК-ке шағымданғанымызбен, түк шықпады. Енді ПИК-ті жауапкершілікке шақырғым келеді. Шағымдар мен арыздарды қайда жазу керек?

Авангард, 4 ықшамауданның №9 үй тұрғыны

Сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА жауап берді:

– ПИК-ке қатысты проблемаларды тұрғындардың өздері шешулері тиіс. Егер төрағаның жұмысы көңілдеріңізден шықпаса, онда заң бойынша сіз оны орнынан алып, жаңа төраға сайлай аласыз. Сондай-ақ, кез келген есептік құжаттаманы талап етуге құқылысыз. Тек мұны екі данада жазбаша түрде жасау керек, бір данасын соларға қалдырып, екіншісіне кіріс нөмірін, мөрі мен қолтаңбасын (қабылданғаны туралы белгі) қоюды талап етесіз. Сондай-ақ, ПИК-ке тұрғындардың жалпы жиналысын, есептік-сайлау жиналысын өткізу талабымен ресми хат жазуға, ревизиялық комиссия есебін (ол болуы тиіс!) талап етуге құқылысыз.

ПИК тұрғын үйді дұрыс ұстамаған жағдайда сіз жергілікті атқарушы органның тұрғын үй инспекциясына (Атырау қ. әкімдігінің ТКШ қалалық бөлімі) шағымдануға құқылысыз.

Бұл орган үйдің жалпы мүлігін техникалық тексеруді жүзеге асыру, күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін өткізу тізімі мен кезектілігін анықтау, орындалған жұмыстарды қабылдау комиссиясына қатысу үшін арнайы құрылған. Яғни, сіз техникалық тексеру жүргізу үшін жергілікті атқарушы органға шағымдануға құқылысыз. Шара алынбаған жағдайда прокуратураға немесе сотқа жүгінген жөн.

28 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.