– 14 қаңтарда мен жас ерекшелігіне байланысты зейнетақыны ресімдеуді бастадым. Мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығындағылар маған ағымдағы жылы тоғыз пайызға көтерілетін зейнетақы тиесілі емес екенін хабарлады. Неліктен?
Телефон арқылы
Сұраққа бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА жауап берді:
- МЗТО сізге дұрыс ақпарат берген. 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №985 үкімет қаулысына сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізіледі.
Ағымдағы жылы зейнеткерлікке шығатын азаматтар осы қаулының қолданысына енбейді. Алайда алаңдаудың қажеті жоқ. Орталықтан төленетін зейнетақыны толықтай есептеу орташа айлық кірістің 60 пайызы есебімен жүргізіледі. Зейнетақы төлемін есептеу үшін табыс 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл (36 ай) жұмыс үшін жалпы табыс сомасын 36-ға бөлу арқылы анықталады.
Орталықтан төленетін зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары зейнетақы деген ұғым қолданылады. Егер өткен жылы ол 81 262 теңгеге (41 АЕК, 2015 жылы 1 АЕК 1 982 теңгеге тең болды) тең болса, 2016 жылы жоғары зейнетақы 41 х 2 121 = 86 961 теңгеге тең.
Қазіргі кезде ер адамдар зейнеткерлікке 63 жасында, әйелдер 58 жасында шығады. Бес және одан да көп бала туған әйелдер 53 жасында зейнеткерлікке шыға алады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту басталады, жыл сайын алты ай қосылып отырады және 2027 жылдың 1 қаңтарында 63 жасқа дейін жеткізіледі.