- Мен 2016 жылдың 11 қаңтарында төлқұжат пен жеке бас куәлігімді қайта шығартуға өтініш берген едім. Заңда жазылған күнтізбелік 30 күннен асты, бірақ менің құжаттарым әлі дайын емес. ХҚКО-дағылар 8 желтоқсанда өтінім бергендердің құжаттарды енді ғана алып жатқанын айтады. Адамдар құжаттарын қайта ресімдеуге берген кезде оларды дер кезінде алуға үміттенеді. Кешіктірілгендігі үшін кім жауап береді? Өз құжатымды кімнен талап ете аламын?
Юлия Соболева
Сұраққа Атырау облыстық ІІД көші-қон полициясының құжаттау бөлімінің аға инспекторы Алмагүл СӘРСЕКЕНОВА жауап берді:
– Бұрын азаматтар ҚР ІІМ көші-қон полициясы департаментінде ресімделген құжаттарды алатын. Жаңа жылдан бастап Қазақстанның батыс облыстарының тұрғындары Ақтөбе қаласының көші-қон полициясынан келетін құжаттарын алады. Осыған байланысты желтоқсанның аяғында – қаңтардың басында құжаттарды беруге қатысты кешіктірулер орын алды. Қазір ахуал тұрақтанды, азаматтар құжаттарын уақытында алуда.