Атырау, 24 желтоқсан 20:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда

Сириялық жауынгерлерге $7,5 мың аударған Қазақстан азаматы АҚШ-та сотталды Қазақстанда

Сириялық жауынгерлерге $7,5 мың аударған Қазақстан азаматы АҚШ-та сотталды

Лос-Анджелес (Калифорния) қаласының федералдық соты  «Күйік шалған балалар қоры» американдық қайырымдылық ұйымының қаражатымен АҚШ-та жүрген Қазақстан азаматы Эльфуза Абдрисованың ісі бойынша үкім шығарды. Ол көші-қон қызметінің өкілдеріне жалған мәлімет бергені үшін алты айға түрмеге жабылатын болды, бұл Америкадағы сирия оппозициясы жауынгерлерінің байланысын анықтау бойынша жергілікті құқық қорғау органдарының жұмысын айтарлықтай қиындатты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 11 желтоқсан 2013, 10:29 4 292 рет қаралды
Анар Мешімбаеваның ісі сотқа жіберілді Қазақстанда

Анар Мешімбаеваның ісі сотқа жіберілді

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға қатысты жанжалды іс сотқа жіберілді. Оған «халық санағына бөлінген ақшаны жымқырды» деген айып тағылғанымен, санақ қорытындысына күмән туған жоқ. 3 желтоқсан 2013, 09:40 2 237 рет қаралды
«Қара тізімге» іліккен Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерін қайта түгендеді Қазақстанда

«Қара тізімге» іліккен Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерін қайта түгендеді

ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті осы саладағы бақылау-қадағалау функцияларын атқарушы басқармалардың бос орындарына орналасуға жарияланған конкурстардың нәтижесінде авиациялық білімі бар және салада қызмет атқарған едәуір тәжірибесі бар мамандармен толықтай толықтырылды. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 2 қазан 2013, 13:13 2 518 рет қаралды
Үш қазақстандық дипломат жақын арада Рим прокуратурасына жауап алуға шақыртылады Қазақстанда

Үш қазақстандық дипломат жақын арада Рим прокуратурасына жауап алуға шақыртылады

Рим прокуратурасы БТА банкі дирекорлар кеңесінің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваны экстрадициялау туралы іске қатысы бар болуы мүмкін деген үш қазақстанық дипломатқа қатысты тергеу ісін қозғады, деп хабарлайды РИА Новости Corriere della Sera сілтеме жасап. 27 қыркүйек 2013, 09:05 1 769 рет қаралды
Орал қаласында болған атысқа байланысты тың деректер анықталды Қазақстанда

Орал қаласында болған атысқа байланысты тың деректер анықталды

Орал қаласында болған атысқа байланысты тың деректер анықталды. Естеріңізге салайық, қаладағы ойын-сауық орталығы маңында оқ атылып, бір адам көз жұмған еді. Қазір күдікті ұсталып, оның бұрын қаржы полициясында жұмыс істегені, кейін белгісіз себептермен жұмыстан босатылғаны анықталды. Рустам Сайфуллин әйелін балағаттаған үш жігіттің сазайын бергенін айтқанымен, ол екі айға қамауға алынды. 17 қыркүйек 2013, 09:10 1 874 рет қаралды
Оралдағы атыста қаза тапқан және жарақат алғандар - Ақтөбе облысының тұрғындары Қазақстанда

Оралдағы атыста қаза тапқан және жарақат алғандар - Ақтөбе облысының тұрғындары

ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, кеше Оралдың қақ ортасында, «Галактика» сауда ойын-сауық орталығы алдында кісі өліміне соқтырған атыс оқиғасы орын алды. 13 қыркүйек 2013, 16:25 6 039 рет қаралды
Н.Назарбаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады Қазақстанда

Н.Назарбаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституция күніне орай Қазақстан халқын құттықтауы Ақорда сайтында жарияланған, деп хабарлады BNews.kz тілшісі. 30 тамыз 2013, 16:19 3 589 рет қаралды
Әлия Молдағұлованың сүйегін таптық дейді зерттеушілер Қазақстанда

Әлия Молдағұлованың сүйегін таптық дейді зерттеушілер

Ресейде Әлия Молдағұлова жерленген қабір табылып, 173 сарбаздың сүйегі көтерілді. Олардың қатарында қазақтың мерген қызы да болуы мүмкін. Себебі бауырластар зиратында небәрі үш әйел адам жерленген екен. Алғашқы сараптама қорытындысына қарағанда, сүйектердің бірі Әлия Молдағұлова екені анық дейді іздестіру тобының өкілдері. Ал нақты жауап геномдық сараптамадан кейін белгілі болмақ. 27 тамыз 2013, 12:35 3 124 рет қаралды
AI: Әблязов Қазақстанда қауіп-қатерге ұшырайды Қазақстанда

AI: Әблязов Қазақстанда қауіп-қатерге ұшырайды

Франция билігі қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті экстрадициялауды заңға сәйкес жүргізуі және оны Қазақстанға тапсыруы мүмкін деген елдерге экстрадицияламауы тиіс. Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы 1 тамызда осындай мазмұндағы мәлімдеме таратты. 2 тамыз 2013, 09:25 2 171 рет қаралды
Ақтөбеде тойға барған 60-тан астам адам астан ұшынып қалды Қазақстанда

Ақтөбеде тойға барған 60-тан астам адам астан ұшынып қалды

АСТАНА,  31   шіл –Қазақстан жаңалықтары АА. Ақтөбе облысында алпыстан астам адам астан ұшынып, ауруханаға түскен. Барлығы Қарабұтақ ауылындағы мейрамханада өткен қыз ұзату тойына қатысқан қонақтар. Ең сорақысы бұл оқиғаны аудандық билік өкілдері мен дәрігерлер барынша жасырып бағуда. Себебі, тойхана жергілікті әкімнің әйеліне тиесілі екен деп хабарлайды КТК телеарнасы. 31 шілде 2013, 09:53 2 279 рет қаралды
М.Әбіләзовтің әйелі А.Шалабаеваның барлық заңды құқықтары мен бостандығы толығымен сақталған - ҚР СІМ мәлімдемесі Қазақстанда

М.Әбіләзовтің әйелі А.Шалабаеваның барлық заңды құқықтары мен бостандығы толығымен сақталған - ҚР СІМ мәлімдемесі

Итальяндық билік органдарының сұранысы бойынша жүзеге асқан үстіміздегі жылғы 31 мамырда Алма Шалабаева мен оның қызын Қазақстанға депортациялау туралы шешімді Италия Республикасы күшін жойғаны туралы бізге белгілі. 13 шілде 2013, 18:41 2 750 рет қаралды
Германияда Рахат Әлиев пен оның қайын атасының ісі қаралып жатыр Қазақстанда

Германияда Рахат Әлиев пен оның қайын атасының ісі қаралып жатыр

Қазақстандық олигарх Рахат Әлиевке қатысты тергеуді Мальтаның тергеу органдарымен қатар, немістің Крефельд қаласының прокуратурасы да жүргізіп жатыр. Бұл туралы ақпаратты Deutsche Welle басылымына жергілікті прокуратураның баспасөз қызметі хабарлаған. 17 маусым 2013, 10:57 2 383 рет қаралды
Қазақстанда тұңғыш рет әйел заты генерал погонына ие болды Қазақстанда

Қазақстанда тұңғыш рет әйел заты генерал погонына ие болды

АСТАНА, 6 мам – Қазақстан жаңалықтары АА.  Қазақстан тарихында тұңғыш рет әйел заты – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан генерал погонын алды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. 6 мамыр 2013, 14:12 7 909 рет қаралды
ҰОС ардагерлері Қазақстан мен ТМД қалаларына тегін ұша алады Қазақстанда

ҰОС ардагерлері Қазақстан мен ТМД қалаларына тегін ұша алады

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге Қазақстан мен ТМД елдері қалаларына авиақатынаста 100 пайыз жеңілдік жасалады. 19 сәуір 2013, 15:20 2 359 рет қаралды
Әйелдердің 50 жаста да зейнетке шығу құқы сақталады Қазақстанда

Әйелдердің 50 жаста да зейнетке шығу құқы сақталады

Әйелдердің 50 жаста да зейнетке шығу құқы сақталады. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының кезекті таныстырылымы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов осылай мәлім етті. 3 сәуір 2013, 17:48 3 189 рет қаралды
Жеттің бе, әз Наурыз! Қазақстанда

Жеттің бе, әз Наурыз!

Берісі 3700, арысы 5000 жылдан бермен тойланып келе жатқан Наурыз мерекесінің кереметтері Низамульдің «Сиясетнама», Омар Хайямның «Наурызнама» туындыларында тамаша өрнектелген. Олар бұл күннің табиғат заңына соншалық сәйкестігімен қоса, орындалатын неше түрлі қызықты салт-жоралғылар жайында да жазып қалдырған. Мәселен, Берунидің жазуынша, Наурыздың бірінші күні таңсәріде аузыңнан әлі сөз шықпай тұрып, үш шай қасық әсел (бал) жеп, үш шырпы жақсаң, барлық ауруыңнан құлан-таза айығасың делінеді. Тағы бір жоралғы: Наурыз күні таңғы намаз алдында аздаған шекер жеп, зәйтүн майымен денесін майлаған адамға, жыл бойына кесел жоламайды делінеді. 22 наурыз 2013, 14:07 4 618 рет қаралды
Ақтөбелік дәрігерлер «жүкті» жеткіншекке 50 мың теңге моралдық өтемақы төлейді Қазақстанда

Ақтөбелік дәрігерлер «жүкті» жеткіншекке 50 мың теңге моралдық өтемақы төлейді

Ақтөбе соты «жүкті» жеткіншекке қатысты іске шешім шығарды. Оқушыны «екіқабат» еткен дәрігерлер енді 50 мың теңге көлемінде моралдық өтемақы төлейді, деп хабарлайды КТК арнасы. 15 ақпан 2013, 10:32 2 917 рет қаралды
Емханалар есеп айырысудың жаңа жүйесіне көшеді Қазақстанда

Емханалар есеп айырысудың жаңа жүйесіне көшеді

Жаңа келген жылан жылынан бастап Қазақстанда медициналық емханалар көрсетілген қызметтер үшін төлем жасаудың жаңа жүйесіне көшпек. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов жаңа жүйенің жай-жапсарымен таныстырды. 22 қаңтар 2013, 15:51 2 347 рет қаралды
Қажыгелдин келе жатыр Қазақстанда

Қажыгелдин келе жатыр

Сырттай он жылға сотталып, шетелде қашып жүрген Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин туған еліне қайтып оралау жөнінде шешім қабылдапты. «Жағдай аяқасты өзгеріп кетпесе, ол қаңтар айының соңында Қазақстанға көшіп келеді. Бірақ, оның Қазақстанда қандай шаруамен шұғылданатыны әзірге белгісіз» дейді Еуропадағы дереккөз. 15 қаңтар 2013, 14:05 5 672 рет қаралды
Жылжымайтын мүлік орталығының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды Қазақстанда

Жылжымайтын мүлік орталығының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері ағымдағы жылдың қыркүйек және желтоқсан айларының аралығында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 4 ай бойы жүйелі түрде пара алды деген күдікпен «Алматы қаласының қозғалмайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры С. Оразақыновты ұстады. 12 желтоқсан 2012, 18:36 1 740 рет қаралды
Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында табыстар да, толғақты мәселелер де бар - Исмадияр Жұмабаев Қазақстанда

Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында табыстар да, толғақты мәселелер де бар - Исмадияр Жұмабаев

ОРАЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат - Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісі елімізде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Исмадияр Жұмабаев аталмыш саладағы жетістіктер, кейбір толғақты мәселелер, алда тұрған мақсат-міндеттер жөнінде тарқатып айтып берді. 18 қараша 2012, 02:26 7 593 рет қаралды
Саентология және осы тектес өзге ұйымдардың іс-әрекеті діннің жоғары мәртебесіне сай емес - Қазақстан дінтанушыларының Қарары Қазақстанда

Саентология және осы тектес өзге ұйымдардың іс-әрекеті діннің жоғары мәртебесіне сай емес - Қазақстан дінтанушыларының Қарары

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 15 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде Дін істері агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп ұйымдастырған Қазақстан дінтанушыларының II форумы болып өтті. 18 қараша 2012, 14:16 2 308 рет қаралды
Хиуаз Доспанова атындағы ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды Қазақстанда

Хиуаз Доспанова атындағы ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды

Кеше кешке Алматы әуежайына «Эйр Астана» авиакомпаниясының Хиуаз Доспанованың атымен аталған Embraer 190 модельді алғашқы меншікті ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 2 қараша 2012, 14:05 9 253 рет қаралды
Лама Шариф бүгінгі экстермистің бет-бейнесін сипаттап берді Қазақстанда

Лама Шариф бүгінгі экстермистің бет-бейнесін сипаттап берді

Бүгінгі таңда діни экстремизм Батыс пен Шығыстың үлкенді кішілі елдерінің басты мәселесі. Алайда әрбір елдің қоғамында өзіндік ерекшеліктер бар. Қазақстандағы діни экстремизмнің шынайы келбеті қандай? Оның түп тамыры қайда жатыр және де бұл зұлымдықпен күресудің жолдарын атай аламыз ба? Осындай және де тағы басқа өзекті сауалдарға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф жауап береді.  10 қазан 2012, 14:45 3 514 рет қаралды
Ақтау соты мұнайшыларды айдап салуға Әбілязовтың қатысы бар екенін дәлелдеді Қазақстанда

Ақтау соты мұнайшыларды айдап салуға Әбілязовтың қатысы бар екенін дәлелдеді

Ақтау соты мұнайшыларды айдап салуға Әблязовтың қатысы бар екенін дәлелдеді. Өзінің шектеусіз қаржылық жағдайы мен «Алғаны» пайдалана отырып, бұрынғы банкир ашық түрде халықты қастандық жасауға шақырған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 9 қазан 2012, 10:10 2 543 рет қаралды